Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша қаржылық журналистика мектебі - қаржылық сауаттылықты арттырамыз!

IMG-20191206-WA0072
IMG-20191206-WA0074
IMG-20191206-WA0077
IMG-20191206-WA0079
IMG-20191206-WA0081

2019 жылдың 6 желтоқсанында «БЖЗҚ» АҚ университетіміздің «Журналистика» білім беру бағдарламасының студенттері мен оқытушыларын Қаржы журналистикасы мектебіне қатысуға шақырды. Аталған іс-шараға ШҚО БАҚ өкілдері мен блогерлері қатысты.

Журналистика мектебі-бұл баспа, радио, теледидар және онлайн-БАҚ үшін сапалы журналистік материалдар жасау үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы негізгі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын дамытатын қарқынды сертификаттаушы бағдарлама.

Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласында журналистердің қаржылық сауаттылығын арттырудың маңыздылығы туралы Нұр-сұлтан қаласындағы филиал директоры Шәріпов Мұрат кіріспе сөзінде атап кетті. Төлемдерді ұйымдастыру және ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары Кимолаева Гүлмира 2019 жылы енгізілген жаңалықтар туралы ақпаратты, автоматты режимде ЖЗШ ашуды, сондай-ақ, ЖЗШ ашудан төлемді ресімдеуге дейінгі жинақтау кезеңіне қатысты өзге де сұрақтардың басын ашты.

Стратегиялық даму департаментінің бас маманы Темірлан Айжан БЖЗҚ қызметі, негізгі мақсаттары, міндеттері мен жоспарлары, сондай-ақ әр түрлі халықаралық зейнетақы жүйелері туралы презентация жасады. Сондай-ақ, спикер Қордың даму болашағына тоқталып, электронды зейнетақы калькуляторын пайдалану бойынша мастер-класс өткізді.

«Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады» тақырыбында Тәуекел-менеджмент департаментінің бас маманы Жауыншиев Саматтың сөз сөйлеуі тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Аймақтық желіні сүйемелдеу және дамыту департаментінің директоры Мұсабекова Мамиля тікелей және алыстан қызмет көрсету жүйесін дамыту мәселелерін баяндады. Жұртшылықпен байланыс департаменті жанындағы БАҚ-пен байланыс бөлімінің бастығы Марина Ақмаева ақпарат алу және Қор сайты бойынша навигация арналары туралы презентация жасап сөз сөйледі.

Оқыту қорытындысы бойынша, ҚАЕУ студенттері мен басқа да  қатысушылар Kahoot жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша интерактивті ойын сынағынан өтті, сондай-ақ осы іс-шараға қатысқанын растайтын сертификаттар алды. Өзі үшін орасан пайдалы мағлұмат алып риза болған студенттер шараны өткізушілерге алғысын айтып, тіпті өлең жолдарын арнады. 

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru