Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ студенттері "Spelling Bee" конкурсының жеңімпаздары

 

IMG-20200211-WA0021
IMG-20200211-WA0020
IMG-20200211-WA0018
IMG-20200211-WA0017

ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы үш тілділік және дипломатиялық қатынастар туралы тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында, 2020 жылдың 11 ақпанында еліміздің оқу орындарының студенттері арасында жыл сайынғы ағылшын тілі орфографиясының (Kazakhstan Spelling Bee 2020) байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - Қазақстанның жас ұрпақтары арасында ағылшын тілін үйренуді насихаттау. Студенттер байқауға алдын ала онлайн-тіркеуден кейін ғана қатысты.

Fulbright бағдарламасының стипендиаты Аманда Филардо ағылшын тіліндегі сөздерді айтып, қатысушылар оларды әр дыбысы бойынша оқып шығуы керек болды. Қазылар алқасының құрамына ҚАЕУ шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, доцент, M.Ed. Новицкая Юлия Васильевна да болды. Байқау бірнеше кезең бойынша өтіп, олардың әрқайсысында қате жібермегендер сұрыпталып отырды.

Байқау қорытындысы бойынша төмендегі жеңімпаздар анықталды: - екінші орын - Мадинов Арсен, ҚАЕУ 3 курс, "Халықаралық қатынастар" білім беру бағдарламасының студенті. Арсен "Spelling Bee" байқауының ақтық сайысына Нұр-Сұлтан қаласына жолдама алды.

- үшінші орын - Чернова Арина, ҚАЕУ "Аударма ісі" білім беру бағдарламасының 3 курс студенті.

Байқаудың барлық қатысушылары Қазақстандағы АҚШ елшілігінің сертификаттарына ие болып, жеңімпаздар бағалы және ақшалай сыйлықтар алды.

2020 жылдың 14 наурызында болатын ұлттық конкурстың ақтық сыңына қатысатын студенттерге сәттілік тілейміз!

Қоғаммен байланыс орталығы


Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru