Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Creative Spark: Қол өнері бойынша шеберлік сағаты

Screenshot20191209-150351Salt
Screenshot20191209-150433Salt
Screenshot20191209-150537Salt
Screenshot20191209-150500Salt
Screenshot20191209-150558Salt
Screenshot20191209-150619Salt

2019 жылдың 6 желтоқсанында Британдық Кеңестің "Creative Spark" жобасы аясында "Журналистика" мамандығының студенттері - Сей Эвелина, Жолдыбаева Амина және Курганская Елизавета студенттік хабының базасында презентация өткізді. Онда жапондық қолөнер тарихы, тоқылған ойыншықтар жасау техникасы және осы хоббимен кәсіпкер ретінде пайда табу мүмкіндіктері туралы айтылды.

Шара аясында тоқыма техникасы бойынша шеберлік құпиясымен Педагогика және психология кафедрасының доценті Левина Татьяна бөлісті.

Шеберлік сағатын жүргізушілер қол еңбегінің маңыздылығы мен құндылығын атап, тоқыманың адамға тигізер пайдасын талқылады. Ең бастысы еліміз бен шетелдегі аталмыш қол өнердің баға саясатын түсіндірді, тоқылған ойыншықты білімнің түрлі кезеңдерінде түрлі пәндерді оқытудың дидактикалық құралы ретінде пайдаланудың негізгі принциптерін анықтап берді. Қатысушылар болса, өз қолдарымен тоқыма өнерін меңгеруге тырысып, сұрақтарын қойды, ұйымдастырушыларға пайдалы ақпарат пен өнер түрін үйреткендері үшін алғыстарын айтты.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru