Шетелдік қонағымыз - Аманда Филардо

 

"Журналистика" білім беру бағдарламасының студенттері АҚШ Елшілігінің қолдауымен Fulbright білім беру бағдарламасының стипендиаты Аманда Филардодан сұхбат алды.
Аманда — ҚАЕУ-дегі шетелдік оқытушы, " Шет тілі: екі шет тілі" білім беру бағдарламасында сабақ береді. "Сыни ойлау" - шетелдік оқытушымыздың жүргізетін пәндерінің бірі. Бұл пән сыни ойлау дағдыларын, шешім қабылдау техникасын, көпшілік алдында сөйлеу әдістерін белсенді меңгеруді қарастырады.