Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нигматулинмен кездесу.

IMG20200110213326531
IMG20200110213326532
IMG-20200110-WA0005

2020 жылдың 10 қаңтарында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нигматулин Шығыс Қазақстан бойынша ЖОО студенттері және оқытушыларымен кездесті. Кездесуге ҚАЕУ Президенті Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы, университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Өз сөзінде Нұрлан Зайроллаұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясы мен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламаларының басымдықтарын орындаудағы ҚР Парламенті Мәжілісінің жұмысы туралы айтып өтті, сондай-ақ осы бастамаларды іске асырудағы облыстың жастары мен жоғары оқу орындарының маңызды рөлін атап өтті.

Нұрлан Нигматулин жастарға қолдау көрсету үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленген бағдарламаларды жария етуге жеке тоқталды. Сондай-ақ, ол 2020 жыл Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еріктілер жылы деп жариялаған жыл жастар үшін қызықты идеялар, шығармашылық бастамалар мен креативті жобалар үшін тамаша бастама болуы мүмкін екенін сөзіне тиек етті. Кездесуге қатысушылар өздерінің идеялары мен ұсыныстарын айтып, жақында қабылданған "Педагог мәртебесі туралы" заңға қатысты, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік үшін идеяларды жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

Қазақстан-Американдық Еркін университетінің президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев өз сөзінде қазіргі Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі туралы айтып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрсеткен сенімдері мен қолдаулары үшін алғыс айтты.

Кездесу соңында Нұрлан Нигматулин шығыс өңірінің жастарына жаңа білімді меңгеріп, әрдайым бәсекеге қабілетті болуды, сондай-ақ барлық бастамаларына табыс тіледі.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru