СтартПрофи-Shygys 2020

T42A1786
T42A1803
T42A1818
T42A1852
T42A1878
T42A1951
T42A1983
T42A2011
T42A2021
T42A2026

2020 жылдың 13 қаңтарында Маркетинг және қабылдау бөлімінің бастығы Бердібеков Азамат Бердібекұлы және Бизнес кафедрасының меңгерушісі Бордияну Илона Владимировнамен бірге ҚАЕУ командасы Қасым Қайсенов кентінің мектеп оқушыларына арналған "СтартПрофи-Shygys" стенд-мобына қатысты.

Қазіргі жастар – озық және жарқын, талантты және үздік білім алуға ұмтылған ұрпақ. Бүгін "ШҚО Кәсіптік білім беру орталығы" КММ ұйымдастырған диалогтық алаң - бұл қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінің білім беру бағдарламалары туралы, болашақтағы білім алуларының артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы толықтай ақпарат алудың тамаша мүмкіндігі.

Колледждер мен ЖОО-ның кәсіптік бағдар беретін стендтерінің жылжымалы көрмесі университетке немесе колледжге түсу туралы сұрақтарға жауап беру үшін құрылған.

Жоғары оқу орнын таңдау арқылы сіз оқитын жерді ғана емес, сондай-ақ ол ұсынатын басымдықтар мен артықшылықтарды да таңдайсыз. Қазақстан-Американдық Еркін университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы-тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды тұрақты негізде жүзеге асыратын кәсіби мамандар.

Қабылдау комиссиясы Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 76 мекен-жайы бойынша орналасқан. 8 (7232) 500-300, 8 (7232) 502-495.

Қоғаммен байланыс орталығы