Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-дің шетелдік қонақтары: АҚШ-тан келген студент-медбикелер

9mYZHHzzsuk
IMG0324
IMG0323
IMG0315
IMG0311
IMG0305
IMG0299
eHqi2bPhFmk

2020 жылдың 8 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университетіне Нортвест Университетінен (Сиэтл, США) бір топ студент-медбикелер келді.Бұл мұхиттың ар жағынан Өскеменге келіп, ҚАЕУ мен қала ауруханаларында оқу-танысу тәжірибесінен өтіп жатқан 9-шы топ.Сиэтл қаласынағы Нортвест Университетінің мейірбике ісі факультетінің барлық бітіруші курс студенттері ұсынылған елдердің бірінен 1 ай көлемінде болатын міндетті халықаралық тәжірибеден өтуі керек (елдер тізімінде, Қазақстаннан басқа, мысалы, Грузия, Тайвань, Индия, Кения, Мексика және т.б. бар). Барлық студенттер ақпан айында, соңғы семестрді аяқтап, бітіру емтихандарына кірісер алдында тәжірибеден өтуге жіберіледі.Биылғы жылы бізге 10 ақпаннан 2 наурызға дейін Өскемен қаласының емдеу мекемелерінде тәжірибеден өтетін 6 студент келді.Қазіргі топтың құрамында факультет оқытушысы және топ жетекшісі Данетт Верворт және алты студент – Аяко Касай, Кристин Сио, Эрика Уайт, Кирстен Патрик, Сара Джой Легат, Мэган Хиллс бар.Бағдарламада – халықаралық тәжірибе, мәдени алмасу, ҚАЕУ басшылығымен кездесу, оқу үрдісіне қонақтардың қатысуы қамтылған. Қазақстандағы науқасты күту жүйесімен және орта медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырумен танысу біздің шетелдік практиканттарды қуана қабылдап және тәжірибелерімен бөлісетін Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы мен №4 қалалық аурухана базасында өтеді. Шетел студенттерін ҚАЕУ-дің аудармашы-студенттері алып жүреді. Қыздар ауруханалардағы тәжірибеден бөлек, өскемендік арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, «Жандәурен» хосписі , спорттық және мәдени іс-шараларына барады.ҚАЕУ базасында 21 ақпанда қалалық ауруханалардың орта медициналық қызметкерлері мен медициналық колледж студенттері үшін «Медбикенің кәсіби этикасы» тақырыбында ашық семинар өтеді. Нортвест Университетінің медбике ісі факультетінің түлектері Өскеменде болған сәттерінен алған әсерлерімен бөлісуде.

Қоғаммен байланыс орталығы

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru