Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ студенті-республикалық байқаудың жеңімпазы!

DSC3883-
DSC3988
IMG-20200228-WA0052
IMG-20200228-WA0053
IMG-20200228-WA0054
IMG-20200228-WA0055

2020 жылдың 27 ақпанында Мардан Сапарбаев институты (Шымкент қаласы) Қазақстан мен оңтүстік өңірдің колледж, жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында "Менің арманым" жастар бизнес-жобаларының республикалық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты студенттер мен магистранттарды кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы инновациялық қызметті қарқындату, сондай-ақ инновациялық жобаларды анықтау және іріктеу, білім беру ортасында кәсіпкерлікті насихаттау болып табылады.
Байқау 2 кезең бойынша өтті: бірінші кезең — сырттай өткен іріктеу кезеңі, екінші кезең – институт базасында өткен финал- жобаларды қорғау және жеңімпаздарды марапаттау болды. Байқау комиссиясының құрамында институт ректоры Е.З.Оңласынов, ҒЗЖ және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Ж.С.Қазанбаева, Экономика кафедрасының меңгерушісі А.А. Шадиева, сондай - ақ "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері, бизнес-серіктестер мен кәсіпкерлер болды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. ҚАЕУ "Қаржы" мамандығының 3 курс студенті Нүкеш Мұсабек "Бизнес" кафедрасының аға оқытушысы Мамырбекова Динара Самарқанқызының ғылыми жетекшілігімен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған жоғары оқу орындары арасында "Менің арманым" жастар бизнес-жобаларының ІІ республикалық конкурсының ақтық кезеңіне қатысып, 2-ші орынға ие болды. 
Құттықтаймыз және болашақта табыс тілейміз!
Қоғаммен байланыс орталығы
Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru