Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-дің шетел қонақтары: "Мейірбикенің кәсіби этикасы" презентациясы

image-21-02-20-04-38-1
T42A0906
T42A0923
T42A0934
T42A0943
T42A0944
T42A0962
T42A0966
T42A0975
T42A0994
T42A1030
T42A0995

2020 жылдың 21 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университетінде "Мейірбикенің кәсіби этикасы" тақырыбында презентация өтті.

Сиэтлдан келген медбикелер (Вашингтон штаты, АҚШ) медбикелердің халықаралық этикалық кодексі туралы егжей-тегжейлі айтып, мамандығы туралы жеке әңгімелерімен бөлісті.

Тұсаукесер интерактив форматында өтті, онда жұртшылықпен жұмыс істеу, кәсіби тәжірибе, мамандық таңдау, аурухананың өзге де медициналық қызметкерлерімен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысқан ШҚО денсаулық сақтау қызметкерлері – қала ауруханаларының орта медициналық қызметкерлері мен медициналық колледж студенттері халықаралық форматтағы осындай кездесулер біздің елдеріміз арасындағы денсаулық сақтау және білім беру саласындағы өзара іс-қимыл және мәдени алмасудың дамуы үшін платформа болып табылатындығы туралы ортақ пікір білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетіне Нортвест университетінің (Сиэтл, АҚШ) мейірбике-студенттер тобы келді. Бұл Өскемен қаласына келіп, қала ауруханаларында оқу-танысу тәжірибесінен өтіп жатқан 9-шы топ. Биылғы жылы бізге 6 студент келді, олар 10 ақпаннан 02 наурызға дейін Өскемен қаласының емдеу мекемелерінде тәжірибеден өтеді.

Қазіргі топтың құрамында факультет оқытушысы және топ жетекшісі Верворт пен алты студент - Аяко Касай, Кристин Сио, Эрика Уайт, Кирстен Патрик, Сара Джой Легат, Мэган Хиллс бар.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru