Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі: зерттеу және қорғау

T42A0369
T42A0377
T42A0381
T42A0403
T42A0404

2020 жылдың 18 ақпанында ҚАЕУ-де Катонқарағай ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Қырықбаева Раушан Намазқызымен кездесу өтті.

Қазақстан-Американдық еркін университеті мен ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум аясында, 2020 жылдың 18 ақпанында "Туризм", "Менеджмент", "Қаржы" білім беру бағдарламаларының студенттері Қатонқарағай ұлттық мемлекеттік табиғи паркі бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Р.Н. Крықбаевамен кездесті.

Раушан Намазқызы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен таныстырды. 2014 жылдан бастап ол ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосылды, ал 2017 жылдан бастап "Үлкен Алтай" трансшекаралық биосфералық резерваты ретінде енгізілді. Спикер "әртүрлі пайда алу үшін басты жаһандық маңызды экожүйелерді сақтау және тұрақты басқару" жобасы аясында дайындалған және шығарылған Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық паркі бойынша жол көрсеткішін таныстырды.

Раушан Намазовна "Бизнес" кафедрасының меңгерушісі Илона Владимировнамен ынтымақтастықтың келешегін талқылады:

-ғылыми - әдістемелік қызмет саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде бірлескен ғылыми-әдістемелік конференциялар, семинарлар, вебинарлар, тренингтер, конкурстар, ғылыми-зерттеу, эксперименттік ғылыми жұмыстар, конференциялар, форумдар мен конгрестер ұйымдастыру;

-бірлескен оқу-практикалық қызметті жүзеге асыру, ол тәжірибе базасын ұйымдастыруға ықпал ету, білім алушыларға арналған бағдарламалар мен құралдар жасау, жаңа оқу жоспарларын, білім беру бағдарламаларын, ғылыми жобалар мен құралдарды бірлесіп әзірлеу;

-біліктілікті арттыру курстары арқылы "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ тарапынан ҚАЕУ және әкімшілік-басқару қызметкерлері тарапынан профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға ықпал ету;

- оқытудың озық әдістерін дамытуда тәжірибе алмасу;

-ҚАЕУ білім беру қызметін және "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ қызметін насихаттауға бағытталған кәсіби бағдар беру іс-шараларын өткізу.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru