Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Creative Spark: онлайн мастер-класс

11
22
33
77
88
IMG20200402144246resized20200403093940860
IMG20200402144426resized20200403093945083
IMG20200402144457resized20200403093945618
IMG20200402144639resized20200403093942504
IMG20200402144830resized20200403093944046
IMG-20200402-WA0101
IMG20200402144900resized20200403093944603

2020 жылдың 2-сәуірінде Creative Spark Британдық кеңесінің жобасы аясында ҚАЕУ студенттік хабының базасында эко-сөмкелер жасау бойынша онлайн мастер-класс өткізілді.

Шеберлік сыныбын «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Идрисова Карина өткізген болатын.

Қазіргі қоғамда экология жетекші трендтердің біріне айналды. Алайда, біздің ғаламшарымыздың экологиялық жағдайын ескере отырып, бұл тек сән емес, өткір қажеттілік те.

Қайта пайдалану үшін қалдықтарды қайта өңдеу процесінде (Recycling) қоқыс қайтадан өзінің бастапқы материалына айналады. Upcycling өзінің мерзімі өткен материалдарды бастапқы формасына қарағанда, жоғары сапалы тауарларға айналдыратындығымен ерекшеленеді.

Upcycling-ті кейде шығармашылық қайта өңдеу деп те атайды. Қайталама шикізаттан жасалған өнім экологиялық таза болып табылады, сонымен қатар ол қалдықтардың санын айтарлықтай азайтуға көмектеседі.

Көптеген компаниялар қайталама шикізатты пайдалануға көшуде. Жас кәсіпкерлер ғаламшарға көмектесіп, өз бизнесін дамыта отырып, дизайнерлік киім, интерьер заттарын, әшекейлерді және т.б. жасайды. Апсайклингтің негізінде бизнес құру тиімдірек, өйткені кәсіптің мұндай түрін бастауға көп шығын кетпейді. Сонымен қатар, апсайклинг өнердің ерекше түрі ретінде өз- өзіңді ашуға, дамытуға да пайдалы.

Апсайклиг-бұл арт-терапияның бір түрі де. Адам жаңа және әдемі нәрсе жасай отырып, қажетсіз ескі нәрседен құтылып, керемет эмоциялар алады екен.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru