Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ғылым мен шығармашылық апталығы – 2020: ашылуы

IMG20200412215014932
IMG20200413121119
IMG20200413143137458
IMG-20200413-WA0048

Жыл сайын 12 сәуірде Қазақстанның ғылыми ортасының өкілдері өздерінің кәсіби мерекесі - Қазақстандағы ғылыми қызметкерлер күнін атап өтеді. Осы мерекеге орай ҚАЕУ-де де Ғылым мен шығармашылық апталығы басталды.

2020 жылдың 13 сәуірінде "Университет - постиндустриалды қоғам жағдайындағы ғылыми алаң ретінде" атты стенд-баяндамасымен ҚАЕУ-дің ғылыми жұмыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Гаврилова Юлия Александровна сөз сөйледі.

Баяндамасының кіріспесі әлемдегі, сондай-ақ Қазақстандағы университеттердің даму тарихына қысқаша шолуға арналса, елдегі университеттердің қазіргі даму тенденциялары, еліміздегі ғылымның қалыптасуы, сондай-ақ ҚАЕУ-дегі ғылымның даму тарихы-баяндаманың екінші бөлімі болды.

Баяндамадан тыңдаушылар өздерінің ғылыми жігерін оқу ордамыздың арқасында жүзеге асыра алған ҚАЕУ докторлары туралы да білді. Олар - Мәмбетқазиев Айдар Ережепұлы, Алембаев Қайрат Оралканович, Кожуганова Динара Зайнельевна, Бордияну Илона Владимировна, Непшина Виктория Николаевна, Искендерова Фатима Велибековна, Сарсембаева Гульнар Жексембаевна, Байкенов Жасұлан Ерболұлы. Бұл ғалымдар диссертацияларын сәтті қорғаған соң өздерінің ғылым жолындағы шығармашылықтарын ҚАЕУ қабырғасында болашақ көшбасшыларды дайындау қызметтерімен жалғастыруда.

Апталықтың ашылуында 150-ден астам қатысушы болып, баяндамашыға бүгінгі күннің өзекті тақырыбы болып отырған пандемияның ғылымның дамуына қаншалықты әсер ету болжамының бары бойынша, т.б. сұрақтарын қойды. Осы іспетті сауалдардың басы апталық бойынша жоспарланған шараларда жан-жақты ашылмақ.

Шығармашылық табыстар мен ғылыми жетістіктер тілейміз!

Ғылыми-зерттеу бөлімі

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru