Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

"Туған өлкеге саяхат - 2020" аймақтық презентациялар байқауының қорытындысын шығару

IMG-20200415-WA0042
IMG-20200415-WA0041
IMG-20200415-WA0043
IMG-20200415-WA0044
IMG-20200415-WA0045
IMG-20200415-WA0046

Ғылым мен шығармашылық апталығы аясында 2020 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде "Туған өлкеге саяхат - 2020" атты презентациялар байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау online-форматта желілік Moodle қашықтан оқыту технологиясына кіріктірілген BigBlueButton веб-конференциялар бағдарламасын пайдалану арқылы өткізілді.

Сайыс «Рухани жаңғыру» жобасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында болашақ ғалымдарды, этнографтарды, журналистерді, педагогтарды және басқа да осы іспетті мамандықтар өкілдерін тәрбиелеу мақсатында білім алушылардың бойларында зерттеу дағдыларын дамытуды көздейтін ҚАЕУ қабырғасында жыл сайын өткізілетін шара болып табылады.

Іс-шара қатысушылары - конференцияға онлайн қосылып, немесе сырттай қатысып, өз презентацияларын алдын ала дайындаған ШҚО студенттері мен оқушылары.

Биылғы байқау 70-тен астам онлайн-көрермен жинады. Қатысушылардың жұмыстары жергілікті табиғаты бай көрікті жерлердің көркем авторлық фотосуреттері, туған жерлері туралы қызықты деректерге бай болды.

Қазылар алқасының шешімімен 1, 2 және 3-орын (қазақ және орыс тілдерінде) алғандар:

1-орын- Идаятұлы Кәшап «Шағаласы қалқыған, айдыны шалқыған, шіркін, Зайсан!» тақырыбындағы презентациясымен (ҚАЕУ студенті, жетекшісі-А.Н.Нұрланова);

1-орын- Ажибаева Айдана «Туған жерге саяхат: Катонқарағай» тақырыбындағы презентациясымен (ҚАЕУ студенті, жетекшісі-А.Н.Нұрланова);

1-орын- Нурланова Даяна «Курорты в Восточном Казахстане» тақырыбындағы презентациясымен (Т.Тохтаров атындағы мектеп-балабақша, Ұлан ауданы, Донское ауылы, жетекшісі- Сайлхан М.);

2-орын- Қасымова Аружан «Алтай жауһарлары» тақырыбындағы презентациясымен (Т.Тохтаров атындағы мектеп-балабақша, Ұлан ауданы, Донское ауылы, жетекшісі- Сайлхан М.);

2-орын- Шевченко Людмила «Прогулка по окрестностям Тарханки: Четыре времени года» тақырыбындағы презентациясымен ("Тарханка орта мектеп-балабақша кешені" КММ, жетекшісі-Иванова И.Н.);

2-орын- Мязова Аделина «Экскурсия по городу Риддер и его природе» тақырыбындағы презентациясымен (Өскемен қаласы әкімдігінің "№24 орта мектебі" КММ, жетекшісі-Леоненко А.А.);

3-орын- Стребкова Татьяна «Нет ничего роднее, чем город Усть-Каменогорск» тақырыбындағы презентациясымен (Өскемен қаласы әкімдігінің "№24 орта мектебі" КММ, жетекшісі-Леоненко А.А.);

3-орын- Бондаренко Алина «Сакральные места Абая»

тақырыбындағы презентациясымен (Өскемен қаласы әкімдігінің "№24 орта мектебі" КММ, жетекшісі-Леоненко А.А.);

3-орын- Жорабекова Мадина «Тарбағатай – жер жәнныты» тақырыбындағы презентациясымен (ҚАЕУ студенті, жетекшісі-А.Н.Нұрланова);

«Туған өлкеге саяхат» аймақтық презентациялар байқауының барлық жеңімпаздары 1, 2 және 3-дәрежелі дипломдармен, ал жетекшілері жеңімпаздарды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталады. Марапаттау материалдары электрондық пошта арқылы жіберілетін болады.

Педагогика және психология кафедрасы
Ғылыми-зерттеу бөлімі

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru