Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Сандық трансформация: мүмкіндіктер мен тәуекелдер» халықаралық брифингі

 

2020 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде "Қазіргі ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты Жас ғалымдардың Х халықаралық форумы шеңберінде бизнес кафедрасының аға оқытушысы Уразова Н.П. Нижневартов мемлекеттік университетімен (НВМУ, Ханты-Мансийск автономды округі – Югра, Нижневартовск қ., РФ) бірлесіп, «Сандық трансформация: мүмкіндіктер мен тәуекелдер" тақырыбында халықаралық брифинг өткізді.

Аталған іс-шараға ҚАЕУ және НВМУ экономикалық мамандықтарының 3-курс студенттері қатысты. Халықаралық брифингті кіріспе сөзімен э.ғ.к., «Коммерция және менеджмент» кафедрасының доценті Е. Е. Щербик ашты. Өз сөзінде тақырыптың өзектілігін белгілеп, талқыланатын сұрақтарды атады.

ҚАЕУ-дің бизнес кафедрасынан баяндама жасағандар:

- Қарсыбеков Әділет Мақсатұлы "Қазақстан Республикасындағы цифрлық экономиканың ахуалы мен болашағы" тақырыбымен;

- Бублик Арина Дмитриевна "Цифрлық Қазақстан: жүзеге асырудың әсері" тақырыбымен;

НВМУ тарапынан:

- Чеснокова Анастасия Юрьевна "Сандық экономика жағдайында персоналды басқару" тақырыбымен;

- Звягинцева Полина Эдуардовна "Сандық экономика жағдайында кәсіби құзыреттіліктің трансформациясы" тақырыбымен.

Іс-шара өзекті тақырыптарды белсенді талқылау түрінде өтті.

 

Бизнес кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru