Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Коронавирус шоктары: пандемиядан кейін әлемдік экономикадан не күтуге болады?

 

IMG-20200416-WA0110
IMG-20200416-WA0108
IMG-20200416-WA0109
IMG-20200416-WA0107

2020 жылдың 16 сәуірінде ҚАЕУ-дің Ғылым мен шығармашылық апталығы аясында бизнес кафедрасының PhD докторы, доцент Непшина Виктория Николаевна "Бизнес және басқару" бағытының 2-3 курс студенттерімен бірлесіп, «Коронавирус шоктары: пандемиядан кейін әлемдік экономикадан не күтуге болады?» атты дөңгелек үстел өткізді.

Ұсынылған баяндамаларда тек Қазақстан Республикасында ғана емес, бүкіл әлем бойынша өзекті болып отырған экономикалық жағдайды сипаттау көрініс тапты.

"Туризм" білім беру бағдарламасының студенттері Ақерке Асхатқызы мен Софья Серохвостова пандемиядан зардап шеккен сала – туризм проблемаларына өз көзқарастарын білдірді, сондай-ақ жаңа жағдайда еліміздің ішкі туризмінің өсуі үшін әлеует бар екенін де атап өтті.

"Қаржы" білім беру бағдарламасының өкілдері Бухатанова Гульнара, Браткова Елизавета, Журавлева Ольга, Жукова Ангелиналар да пандемияның әлем экономикасына жан-жақты әсерін талдау баяндамаларымен белсенділік танытты.

Дөңгелек үстел соңы Чувашов Олегтің позитивті баяндамасымен аяқталып, баяндамашы өз сөзінде ҚР әр азаматының әл-ауқатын арттыру үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерді көрсетті.

Бизнес кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru