Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Жас ғалымдардың Х Халықаралық форумының пленарлық сессиясы

 

IMG-20200417-WA0034
IMG-20200417-WA0026
IMG-20200417-WA0028
IMG-20200417-WA0029
IMG-20200417-WA0030
IMG-20200417-WA0031
IMG-20200417-WA0033

2020 жылдың 17 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде ғылым және шығармашылық апталығы аясында интеграцияланған желілік технологиямен Moodle қашықтан оқыту edu.kafu.kz порталында BigBlueButton веб-конференциялар бағдарламасын пайдалану арқылы «Қазіргі заманғы ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты жас ғалымдардың Х дәстүрлі форумының пленарлық онлайн-сессиясы өтті.

Жас ғалымдардың халықаралық форумының міндеттері студенттер мен магистранттардың өзінің кәсіби қызметінде ғылыми қызығушылығын қалыптастыру, ғылыми-зерттеу дағдылары мен іскерліктерін дамыту; жеке әлеуетін ашу, өзін-өзі жүзеге асыру және кәсіби өзін-өзі анықтау үшін жағдай жасау болып табылады.

Форум қатысушыларын қарсы алып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту және ғылым жөніндегі проректор Гаврилова Юлия Александровна құттықтау сөз сөйледі. Ол қатысушылардың назарын осы іс-шараның маңыздылығына аударып, біздің ЖОО-ның тарихында студенттік конференция тек студенттер үшін ғана емес, сонымен қатар оқытушылар үшін де жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті.

Пленарлық сессияның ерекше баяндамасы «Менеджмент» білім беру бағдарламасының докторанты Стефан Новактың «Usability of Micro-Learning Units for Computer Science Courses in Higher Education – Research into Functionality» тақырыбындағы баяндамасы болды. Стефан Новактың баяндамасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады

Геннадий Самойленко тыңдаушыларға ғаламтордағы сауданы және интернет-дүкендердің қызметін құқықтық реттеу туралы айтып берді. Дәурен Аян "Ғаламтор арқылы сөйлесу - қарым-қатынас жасаудың тәсілі" атты баяндамасын ұсынып, ғаламтордағы сауатсыздықтың алдын алу жолдарын көрсетсе, интернет-нарықтың маркетингтік зерттеулері мен талдауы, даму мүмкіндіктері мен перспективалары туралы Бұхатанова Гульнара баяндама жасады.

ҚАЕУ ғылым және шығармашылық апталығының жұмысына 500-ден астам адам қатысты. Барлық іс-шаралар ғылыми ойлауды қалыптастыруға және жастарды ғылым мен техникадағы инновацияларға тартуға бағытталған.

Ғылыми-зерттеу бөлімі

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru