Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Республикалық онлайн-эссе конкурсының қорытындысы

 

--187
--176
--190

 2020 жылдың 20 сәуірінде ҚАЕУ-дің Ғылым және шығармашылық апталығы аясында «If Life Gives You Lemons, Make Lemonade: Positive Sides of Coronavirus Quarantine» тақырыбында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында ағылшын тілінде эссе байқауының қорытындысы шығарылды.

  Байқау ұйымдастырушысы - ҚАЕУ шет тілдер кафедрасы. Іс-шара 16.04.20 ж. - 20.04.20 ж. аралығында студент-қатысушыларға коронавирус COVID-19 пандемиясының оң салдары туралы эссе жазу, құндылықтарды қайта бағалау, әлеуметтік оқшаулаудың күрделі уақытында жеке және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ойлану ұсынылды.

Конкурсқа Қазақстан – Американдық еркін университеті, Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, Шығыс Қазақстан техникалық университеті, ҚАЕУ жоғары колледжі және Академик А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті сияқты 5 оқу орындарынан 60 жұмыс жіберілді.

  Осы байқауға ҚарМУ студенттерінің белсенді қатысуы оның мәртебесін облыстан республикалық кезеңге өзгертуге мүмкіндік берді.

Қорытынды шығару барысында шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Юлия Васильевна Новицкая байқаудың өткізілу рәсімі мен эссенің ең кең тараған және қызықты идеялары туралы айтып берді. Кафедра доценті Герсонская Валентина Владимировна байқауға қатысушылардың жіберген қателіктері туралы айтып, болашақта эссе жазу үшін қолданатын пайдалы ұсыныстарымен бөлісті.

Конкурс қорытындысы:

1-орын Выходцева Виктория
2-орын Иванишина Анастасия
3-орын Калиева Еркежан, Баянмунх Амаржарғал, Нигманова Дана

Сондай-ақ, байқау қорытындысы бойынша жұмыстары жүлделі орындарға ие болмаған студенттерге сарапшылар командасы бірнеше номинация табыстады:

- Алешина Анастасия – «Қайталанбастығы және бірегейлігі үшін»;
- Романюк Виолетта – «Баяндауды үздік ұйымдастырғаны үшін»;
- Джафарова Алена – «Тіл байлығы мен мәнерлілігі үшін»;
- Иконникова Анастасия – «Әзілі мен сықағы үшін»;

Барлық қатысушыларға қызығушылық танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз және ағылшын тілін үйренуде шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!

Шет тілдер кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru