Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

АҚШ Елшілігінің шағын гранттар бағдарламасы: онлайн сурет саламыз

Өзімізді және жақындарымызды сақтау мақсатымен карантинде отырғанымызда, АҚШ Елшілігінің кіші гранттар бағдарламасының қолдауымен арт-терапия жобасы аясында біздің ең кішкентай қатысушыларымыз өздерінің ата-аналарымен бірге коронавирусқа қарсы әлемдік күресті қалай көретінін салды. Әрине, суреттердің ең басты кейіпкерлері COVID-19-бен күресте жүрген батырларымыз, яғни дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер.

Жас ерекшеліктеріне сай аса белсенді болатын балаларға төрт қабырғада отыру қиынға соғуда, сондықтан біздің қатысушыларымыз арт-терапия жобасы шеңберіндегі челленджді белсенді қолдап, пандемия кезінде әлемді қалай көретіндерін қылқаламмен жеткізді.

Жобамыз өз жұмысына міндетті түрде оралады! Аман-сау болыңыз!

Қоғаммен байланыс орталығы

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru