Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Туризм» мамандығы бойынша ІІ халықаралық және республикалық олимпиада: жүлделі орын

 

WhatsApp-Image-2020-06-01-at-142452-1
WhatsApp-Image-2020-06-01-at-142451
WhatsApp-Image-2020-06-01-at-142455
WhatsApp-Image-2020-06-01-at-142452-2
WhatsApp-Image-2020-06-01-at-142452
WhatsApp-Image-2020-06-01-at-142454-1

2020 жылдың 29 сәуірі күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Қазақстан, Ресей және Монғолияның жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Туризм» мамандығы бойынша ІІ халықаралық және республикалық олимпиада өтті. Олимпиаданың ұйымдастырушылары «Экономика және басқару» кафедрасы мен «Shanishkul Tur» туристік компаниясы. Бұл іс-шара ҚазКСР және КСРО ағарту ісінің үздігі, КСРО Халық мұғалімі, ҰОС ардагері Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиевке арналды. Олимпиаданың негізгі тақырыбы мен мақсаты: студенттер мен оқушылардың туризм саласындағы қызығушылығын арттыру және білімдерін тереңдету, сондай-ақ туристік индустрияның турбуленттілігі жағдайында туристік компаниялардың кәсіби және басқарушылық құзыреттіліктерін дамыту болып табылады. Олимпиада екі кезең бойынша өтті: 1-кезең -өтінімдерді толтыру және конкурсқа ( жобаларды ұсынуқашықтықтан өткізілетін кезең); 2-кезең – жобалардың онлайн презентациясы. Осы ауқымды іс-шараға 60-тан астам команда қатысты. ҚАЕУ командасы құрамында ТжКБ негізінде білім алып жүрген 1-курс студенттері Идрисова Назым, Баелова Айым, Тельманова Әйгерім "Жидебайға экскурсия жасақтау" атты жобаны ұсынды және жүлделі 2-орынға ие болды. Ғылыми жетекшілері — «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі Мамырбекова Динара Самарқанқызы.

Кафедра бизнеса

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru