Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қаланың «Құрметті азаматы» – оның адамдарының игілігіне қызмет ету

 PicsArt 09 15 05.40.11

Мұнадай өмірлік ақиқат бар: қиын кезеңдер адамды өзінің қолында бар нәрсені жаңаша бағалауға мәжбүр етеді. Үйреншікті нәрсе ерекше мәнге ие болады, сен оны ерекше құрметпен,шынайы ықыласпен бағалай бастайсың.

Әкім Жақсылық Мұқашұлының қолынан «Өскеменнің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» белгісін алып, бұл туралы еріксіз еске алдым. Көптеген жылдар ішінде алғаш рет «Құрметті азамат» мәртебесіне ие болғандар, оның тарихына қала тұрғындарының өмірі үшін өте маңызды нақты істерді жазған адамдар, лайықты бағаланды.

Біздің қала, бүкіл республика сияқты, өте қиын жағдайда, үлкен психологиялық шиеленісте болған кезде, қаланың 300 жылдығына орай бұл алғыс оған шын мәнінде еңбегі сіңген адамдарға жылы, мейірімді белгі болып табылады. Демек, біз ең құнды нәрсені: уақытында, ондаған жылдар өткен соң емес, лайықты адамның өмірі кезінде, құрмет көрсету мүмкіндігін жоғалтпадық. Оның «өскемендіктерге» қызмет етудегі адалдығын ұмыт қалдырмай.

Барлық марапатталғандардың атынан қала әкіміне шынайы ризашылығымды білдіремін. Әкім-зияткердің бастамасы қала тұрғындарының құрмет сезімін туғызып, оның абыройын арттырады.

Жастарға өз өңірінде лайықты білім алуға мүмкіндік сыйлаған екі университетті (ШҚМУ мен ҚАЕУ), құрушы ретінде біздің дарынды бәсекеге қабілетті түлектерімізді мақтан тұтамын. Бұл - сіздердің балаларыңыз, немерелеріңіз, қымбатты «өскемендіктер»! Бұл сіздердің үміттеріңіз.

Өзінің қайырымдылық миссиясын жалғастыра отырып, жеке меншік ЖОО ретінде мемлекеттің қаржылық қолдауын алмайтын Қазақстан - Американдық еркін университеті әлі де аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды балалар үшін оқу ақысын төлеуге жеңілдіктер ұсынады. Облыстың және қаланың «Құрметті азаматы» ретінде мұны өзімнің азаматтық парызым деп санаймын.

Ережеп Мәмбетқазиев -36 жылдық еңбек өтілі бар ректор,
химия ғылымдарының докторы(ММУ, Мәскеу қ.), ҚР тұңғыш Үкіметінің құрамында
Білім министрі (1993-1995 ж. ж.),
12-сайланған Жоғарғы Кеңестің депутаты

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru