Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Абай оқулары

Қазақстан-Американдық еркін университеті  2017 жылы 01 наурызда  сайыс өткізілетіні жайлы хабарлайды.

 Сайыс  келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1.     Мәтінді мәнерлеп оқу байқауы (Абайдың қазақ және орыс тілдеріндегі өлеңдері).

2.     «Абай өлеңдеріне әндер» байқауы (қазақ  және орыс тілдерінде).

Мәтінді мәнерлеп оқу байқауына қатысуға қойылатын талаптар. Мәтінді мәнерлеп оқу байқауына қатысушының тегі мен есімі, Абай өлеңінің аталуы, жетекшінің аты-жөні, мектеп нөмірі мен сыныбы, байланыс деректері (телефоны, мекенжайы) енген өтінімдер қабылданады. Байқауға қатысуға 9-11 сыныптардың мектеп оқушылары жіберіледі. Көлемі мәтіннің бір баспа табағынан аспайтын өлеңді оқуға рұқсат етіледі. Абайдың өлеңдерін қазақ  тілінде (оқу орнынан біреу), Абайдың өлеңдерін орыс тілінде (оқу орнынан біреу) оқуға өтінімдер қабылданады. Осылайша, бір оқу орнынан барлығы екі қатысушыдан артық қабылданбайды. Бір қатысушыдан – бірден артық өлеңге рұқсат етілмейді!

Барлық өтінімдер 2017 жылдың 25 ақпанына дейін қабылданады,  байқау барысында ешқандай өзгерістерге рұқсат етілмейді. Өтінімде мәтінді мәнерлеп оқуға техникалық сүйемелдеу қажеттігі болса, көрсетуді сұраймыз.

 «Абай өлеңдеріне ән» бағдарламасы бойынша байқауға қатысуға қойылатын талаптар. Байқауға қатысушының тегі мен есімі, өлеңнің аталуы, байланыс деректері енген өтінім қабылданады. Барлық өтінімдер  2017 жылдың 25 ақпанына дейін қабылданады, байқау барысында ешқандай өзгерістерге рұқсат етілмейді. Байқауға бір қатысушыдан тек бір ғана әнді орындауға рұқсат беріледі. Қатысуға мектептердің 9-11 сынып оқушылары жіберіледі. Бір оқу орнынан бір орындаушы қабылданады (ән қазақ тілінде немесе орыс тілінде). Cандық құрылғылардағы және музыка аспаптарымен саздық сүйемелдеудегі әндерге рұқсат етіледі. Дауысты жазып алып орындауға рұқсат етілмейді. Өтінімде әнді орындағанда техникалық сүйемелдеу қажеттігі болса, көрсетуді сұраймыз.

 Сайысты өткізу кестесі 

8:30 – 9:00

Қатысушыларды тіркеу

Вестибюль, 1 қабат

9:00 – 9:30

Салтанатты ашылуы

Акт залы, 2 қабат

9:30 – 11:30

Мәнерлеп оқу сайысы

Акт залы, 2 қабат

11:30 – 12:00

12:00-12:30

Қорытындылау

Жеңімпаздарды марапаттау

Акт залы, 2 қабат

                                 ӨТІНІМДІ ТОЛТЫРУ ҮЛГІСІ 

Қатысушының аты-жөні, телефоны

Өлеңнің аты (әннің)

Мектеп, сыныбы

Жетекшінің аты-жөні, телефоны, электронды адресі

1

Иванова Анастасия

8 777 111 22 333

Күз

10

Федорова Ольга Петровна

8 777 333 44 555

e-mail: 333@list.ru

  Сайысты ұйымдастыру комитетімен байланысу :

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86, 701 кабинет. Тел. 8 (7232) 49-25-11. e-mail: anur_81@mail.ru

Электронды поштамен жіберілген хаттар үшін «Тақырып» алаңында «Абай» деп көрсетуді сұраймыз.

Ұйымдастыру комитеті, материалдар ұсынылған тақырыптармен сай келмеген жағдайда, оларды кері қайтару құқығын өзіне қалдырады.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru