Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Студенттерге қызмет көрсету орталығы

Орталық туралы

Студенттерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - СҚО) 01.09.2017 жылы ҚАЕУ Президентінің 31.08.2017 ж. № 53 бұйрығымен құрылды.  

СҚО-ның негізгі міндеті білім алушыларға ұсынылатын қызметтердің мәдениеті мен сапасын арттыру мақсатында "бір терезе" қағидаты бойынша уақытылы және тиімді қызмет көрсету үшін жағдай жасау болып табылады.

СҚО Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 76, 123 кеңсе (1 қабат, оң қанат) мекенжайы бойынша орналасқан, тел. 8-7232-50-28-89, kafu_cos17@mail.ru

ҚОО негізгі функциялары:

1. Білім алушылар контингентінің қозғалысы бойынша анықтамалар, статистикалық деректерді дайындау және беру.

2. Өтініштерді қабылдау, тіркеу, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, ата-аналарға кеңес беру.

3. Білім алушыларға, түлектер мен оқыдан шығарылғандарға қажетті анықтамаларды, бұйрықтардан үзінді көшірмелерін және басқа да талап етілетін құжаттарды дайындау және беру.

4. Оқу нысандары, оқу бөлімшелері және оқу ақысын төлеу түрлері бойынша білім алушылар контингентін есепке алу.

5. Білім алушылар контингентінің қозғалысы туралы бұйрықтар дайындау (қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау, академиялық демалыс, аты-жөнін ауыстыру және т.б.).

6. басқа жоғары оқу орындарының сұраулары бойынша жеке істерді дайындау және жіберу.

7. Жеке істерді өңдеу және сақтау.

8. Келіп түскен сұранымға сәйкес мұрағаттық көшірмелер мен құжаттарды беру, мұрағат құжаттарында бар мәліметтер негізінде қажетті анықтамаларды жасау.

Студенттерге қызмет көрсету орталығы ұсынатын қызметтер тізімі:

  1. Анықтама беру;
  2. бұрын оқудан шығарылған білім алушыларды қайта қабылдау туралы өтініштерді қабылдау;
  3. басқа жоғары оқу орындарынан бұрын оқудан шығарылған білім алушыларды қайта қабылдау үшін өтініштерді қабылдау;
  4. білім алушыларды басқа жоғары оқу орнынан ауыстыру туралы өтініштерді қабылдау;
  5. білім алушыларды басқа ЖОО-ға ауыстыру туралы өтініштерді қабылдау;
  6. білім алушыларды басқа білім беру бағдарламасына/мамандыққа немесе оқу нысанына ауыстыру туралы өтініштерді қабылдау;
  7. жеке мәліметтерді ауыстыру туралы өтініштерді қабылдау;
  8. академиялық демалысқа кету туралы өтініштерді қабылдау;
  9. академиялық демалыстан қайтару туралы өтініштерді қабылдау;
  10. өз тілегі бойынша оқудан шығару туралы өтініштерді қабылдау;
  11. аяқталмаған білім туралы анықтама (академиялық анықтама) беру туралы өтініштерді қабылдау);
  12. жеке істерден құжаттарды беру;
  13. жатақхана беруге өтініштерді қабылдау, жолдама беру.

 

 

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru