Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Академиялық демалыс

Академиялық демалысқа кетуді рәсімдеу үшін:

  1. Академиялық демалысқа кету және қайтып келу ережелерімен танысу.
  2. Студенттерге қызмет көрсету орталығына бару.
  3. Өтініш толтыру.
  4. Өтініште бухгалтериядан оқу ақысын төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы белгі қою.
  5. Академиялық демалысқа кету себебін негіздеу  (денсаулығына байланысты (0,5-1 жылға дейін), әскерге шақырылуына байланысты (1 жыл), бала күтіміне байланысты (3 жыл)
  6. Академиялық демалысқа кету себебін растайтын құжаттарды (дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы,  шақыру күнін көрсете отырып әскери қызметке шақыру парағы, әскери комиссариаттан анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі) ұсыну.
  7. Өтінішті қарау кезеңі-5 жұмыс күні.
  8. Арызды қарау қорытындысы бойынша академиялық демалысқа кету туралы бұйрық дайындалады.
  9. Мерзім өткеннен кейін академиялық демалыстан шығу туралы өтінішті көрсетілген күннен кешіктірмей жазу қажет. Олай болмаған жағдайда студент академиялық демалыстан мерзімінде шықпаған білім алушылар қатарынан шығарылады.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫСТАН ҚАЙТАРУ

 

Академиялық демалыстан шығуды рәсімдеу үшін:

 

  1. Академиялық демалысқа кету және қайтару ережесімен танысу.
  2. Студенттерге қызмет көрсету орталығына барып, академиялық демалыстан шығу мерзімін көрсете отырып, қайта қабылдануға үлгі бойынша өтініш рәсімдеу.
  3. Өтінішке растау құжаттарын қосу (ауруы бойынша - дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы)
  4. Өтінішті қарау кезеңі-5 жұмыс күні.
  5. Өтінішті қарау қорытындысы бойынша тиісті білім беру бағдарламасына/мамандыққа, курс пен семестрге академиялық демалыстан шығу туралы бұйрық дайындалады.
  6. Бұйрық шыққаннан кейін:
  • оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты тапсыруды анықтау үшін өз факультетінің тіркеуші офисінің маманына жүгіну.
  • «Рlatonus» ААЖ тіркелу үшін логин және пароль алу.
Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru