Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Аймақтық семинар аялында авторлық өлеңдер байқауы өтті

Шығыс – Қазақстан Облыстық газетті «Дидар»

25 қараша, 2015ж.

Аймақтық семинар аялында авторлық өлеңдер байқауы өтті

Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиетінің, қазақ танымдық ой – пікірі тарихының,  қала берді қазақ мәдениетінің дамуына үлес – қосқан ағартушы – демократ,  ақын, аудармашы,  философ, композитор. Абай шығармаларының тағылымы ХХІ ғасыр көгінде де жаңа өріс алып, кеңеюде. Осы жыл бүкіл еліміз көлемінде  ғұлама ақынның 170 жылдық мерейтойы аталып өтуде.  Бұл игі іске Қазақстан-Американдық еркін университеті де өз үлесін қосып жатыр.  Абайдың мол мұрасын әр қырынан таныта отырып,  өлмес ғибратының өміршеңдігін насихаттау мақсатындағы өткізіліп жатқан шаралар – ұлағатты ақынға деген ХХІ ғасыр  ұрпақтары ілтипатының тағы бір көрінісі.

6-қарашада  универcитетте Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына арналған аймақтықсеминар өтті. Семинар көлемінде мынадай іс-шаралар жүргізілді: Көркем сөз оқу сайысы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде),  «Абайдың әндері» байқауы, авторлық өлеңдер байқауы (қазақ  және орыс тілдерінде) және ғылыми-практикалық конференция, шеберлік сыныптары, ақынның өмірі мен шығармашылық жолына арналған көрме.

Ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан-Американдық еркін университетінің Президенті, ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы Мәмбетқазиев Ережеп Альхаирұлы туған тарихымызды ұмытпай, ұлыларымызды ұлықтау – бүгінгі күннің міндеті екендігіне тоқталып, замана өзгеріп, жаңа ұрпақ ауысқан  сайын Абай шығармалары өзінің жаңа бір қырларынан ашылып,қадірін арттыра түсетініне қазіргі уақыт айқын көз жеткізгендігін, ақынның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар тұсында да адастырмас темірқазық болып қызмет етіп келетіндігін айтып өтті. Е.Мәмбетқазиев облысымыздың алыс аудандары мен Өскемен, Семей қалаларынан қатысушылар келіп отырған көркем сөз оқу шеберлеріне ақшалай сыйлық тағайындап, сәттілік тіледі.

Ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Головатюк Владимир Михайлович, Шығыс Қазақстан облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Төлемісова Роза Әшімханқызы, Облыстық Достық үйінің директоры Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлы, «Менің қалам» қоғамдық қорының атқарушы директоры Пуссеп Геннадий Николаевич,  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы Картаева Айжан Маратбекқызы қатысып, семинардың мәртебесін арттырды.

Абай – әлемдік деңгейдегі тұлға. Мұның бір дәлелі ретінде ҚАЕУ халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бойынша вице-президенті, гуманитарлық ғылымдар докторы  Дэниел Бэлласттың осы шараға арнайы Филиппин елінен видео жолдама жіберіп, ақынның қара сөзін қазақша оқып беруін айтуға болады.

Семинар қорытындысы ретінде конференция материалдары жарияланып, жас ақындар өлеңдерінің поэтикалық жинағы шықты.

Әлия Зүлкәрамқызы

«Бриг» бизнес-мектебінің қазақ тілі мұғалімі. Өскемен

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru