Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Докторантура (PhD)

Жалпы мәлімет

 Қазақстан-Американдық еркін универсиеті мамандықтар бойынша PhD докторантурасының бағдарламасы аясында білім беру қызметін ұсынады:

PhD докторантурасына мемлекеттік тапсырыс аясында конкурстық негізде төмендегі тұлғалар қабыдануы мүмкін: «магистр» академиялық дәрежесі бар, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура бітірген,  ғылыми жетістіктері бар (ғылыми жарияланымдары, халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда оқыған баяндамалары және т.б.).  

Докторантурада ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындау арқылы PhD философия докторы ғылыми дәрежесі беріледі, оқу мерзімі үш жылдан кем болмайды.     

PhD философия докторын дайындаудағы білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытты ұстанады және ғылыми сала мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі жүйе үшін ғылымға сай бағыттағы пәндерді терең оқып үйренуді,  іргелі білім беру, әдістемелік және зерттеу дайындығын қажет етеді.  

Мамандықтар

«Бизнес» кафедрасы

 6D050700 «Менеджмент» мамандығы

Ғылыми дәрежесі:  6D050700 – «Менеджмент» мамандығы бойынша  (PhD) философия докторы. 

Біліктілік сипаттамасы:  «Менеджмент» мамандығы бойынша түлек менеджменттің заманауи тенденцияларын, даму заңдылығы мен бағытын жаһандану және интернацияландыру жағдайындағы ғылым ретінде, ғылыми танымның әдістемесін, менеджмент саласындағы қазақстандық және әлемдік жетістіктерін білу керек; халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми коммуникацияны жүзеге асыру үшін шет тілін білу; ғылыми зерттеулер процесін жүзеге асыру, жоспарлау, ұйымдастыра білу;    зерттеу саласындағы әр түрлі теориялық тұжырымдамаларды салыстыру, бағалау, талдау және қорытынды шығара білу; талдау әдісі мен қазіргі теория негізінде академиялық тұтастықты сипаттайтын ғылыми зерттеулерді өз бетімен жүргізу; жаңа ғылыми идеялар туғызу, ғылыми танымның шекарасын кеңейту мақсатында өзінің жаңалықтары мен идеясы туралы ғылыми бірлестікпен бөлісу,  өзінің ары қарайғы кәсіптік дамуын болжау және жоспарлай білу. 

Кәсіптік қызмет нысандары:  Ғылыми-педагогикалық докторантураны бітірген докторант ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады.

 
 «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы

6D030100 «Құықтану» мамандығы

Ғылыми дәрежесі:  6D030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы.

Біліктілік сипаттамасы:  6D030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша докторантураның түлегі ғылымның, мәдениеттің, заңның құндылықтары туралы ұйым түрлері, құрылымдары, мазмұны, мақсаты, құқықтық реттеу процесінің заңдылықтары туралы ұғымы болу керек; заң терминологиясының әр түрлі ғылыми тәсілдерін білуі; тәуелсіз ғылыми зерттеуді жүргізудің әдістерін, құқықтанудың теориялық-әдістемелік негіздерін жоғары деңгейде, ғылыми ақпараттарды жинау техникасы мен инновациялық әдістерін; ғылым саласындағы заң ғылымының орнын; заң жобаларының ғылыми экспертиза ережесінің регламентін белгілейтін негізгі стандарттарды,    басқа да заңнамалық жобаларды; теория мен практиканың дамуын ұғыну, жоғары деңгейде зерттеу нәтижелерін түсіндіру; құқықтық пәндердің нақты деректермен және кәсіптік қызмет құбылыстарымен ұғымының ара қатынасын белгілеу;  ғылыми зерттеудің мәселесін,  нысанын, пәнін, мақсатын айқындау; құқықтық құбылыстар қозғалысы мен жағдайын талдауды жүзеге асыру дағдысы болу; құқық бұзушылық мәселесін ғылыми ұғыну жағында құзіретті болу;  нақты практикалық жағдайларда құқықтық теория мен нормаларды қолдана және түсіндіре білу; тергеу мен нақты дерек арасын айыра білу;    зерттеу бағдарламасына, жобаны жүзеге асыруға, бұқаралық қорғануға, талдамаларды әзірлей білуге, ғылыми немесе педагогикалық грант тапсырыстарында құзіретті болу.

Кәсіптік қызмет нысандары: мемлекеттік басқару органдары, құқық қорғау органдары, әділет органдары, сот органдары, сыртқы істер органдары, сонымен қатар коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындар, білім беру, ғылыми, ғылыми–зерттеу және әдістемелік қызмет.   

 

Докторантураға түсу құжаттары

Докторантураға түсетін тұлғалар төмендегі құжаттарды тапсырады: 

  • ұйым басшысының атына жазылған өтініш;
  • шетелдік немесе отандық ғылыми кеңесшімен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеуді дәлелдеу;
  • жеке куәлік көшіремесі;
  • білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • осы Ереженің 4 тармағында көрсетілген (егер болған жағдайда) бағдарламалар бойынша тестілеуді тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі;
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстың тізімдері (егер болған жағдайда);
  • 3*4 көлемдегі алты фотосурет;
  • 086-У үлгідегі медициналық анықтама;
  • еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілдері бар тұлғалар үшін) және кадрлар есебі бойынша жеке парақ.
Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru