Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Магистратура

Жалпы мәлімет

ҚАЕУШығыс Қазақстандағы магистрлерді екі бағдарлама: қазақстандық және американдық бағдарламамен дайындауды жүзеге асыратын жалғыз жоғары оқу орны.   Американдық бағдарламадағы магистранттар мемлекеттік үлгідегі қазақстандық дипломмен бірге американдық диплом алып шығады. Магистранттарды оқытуды Ресей, Ұлыбритания, Канада, АҚШ білікті мамандар, сонымен қатарPhD докторлары, ғылым кандидаттары, ғылым докторлары сияқты профессорлық-оқытушылар құрамы жүзеге асырады.  Магистратурадағы оқу сабақтары оқытудың ақпараттық технология және интерактивті әдістерін пайдалану арқылы өтеді. ҚАЕУ-нің негізгі басымдылығы пәндерді ағылшын тілінде оқыту болып табылады. (американдық бағдарлама). Магистранттар ҚАЕУ гранты есебінен (конкурстық негізде) АҚШ-да тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады.  Қазақстан-Американдық еркін универсиеті  төмендегі мамандықтар бойынша магистрлерді дайындау бағдарламасын жүзеге асырады:

Магистратурада мамандарды дайындау екі бағыт бойынша: бейінді, ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады.  

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгеру ұзақтығы төмендегі мерзімді құрайды:

  • Бейінді бағыт-1 жыл, 1,5 жыл
  • Ғылыми-педагогикалық бағыт-  2 жыл

 

Бейінді бағыт

Магистратураның бейінді бағыты терең кәсіптік дайындықтан өткен бизнес, қызмет көрсету саласы, құқық, экономика салалары үшін мамандар дайындайтын жоғары оқу орынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.   Магистратураның бейінді бағыты- бір жылдық (бір жарым жылдық) таңдаған салада кәсіптік мамандануға бағытталған бағдарлама. Диплом алу үшін бір жыл ішінде магистрант теориялық курсты меңгеруі қажет, сонымен қатар кәсіптік тәжірибеден өтіп магистрлік диссертация қорғауы керек.   

Осы бағытта ҚАЕУ-нің карьера мен тұлғаны дамыту орталығы ІӘМ (Іскер әкімшілік магистрі) дайындаудың білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады

Ғылыми және педагогикалық бағыт

Магистратураның ғылыми және педагогикалық бағыты терең ғылыми-педагогикалық дайындығы бар ғылыми-зерттеу секторы мен жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары оқу  жүйесі үшін мамандарды дайындайтын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.  Аталмыш бағдарлама аясында магистрант ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысуға болатын негізгі дайындықтан өтеді, жоғары мектепте оқытушылық қызметпен айналыса алады. Оқу кезінде магистрант теориялық курсты меңгереді, кәсіптік практикадан өтеді және магистрлік диссертациялық зерттеуді орындайды. 

Магистратурада оқу күндізгі оқыту түрі бойынша ғана жүзеге асырылады. Магистратураның білім беру бағадрламасын меңгеріп магистрлік диссертация қорғаған тұлғаларға «магистр» академиялық дәрежесі беріледі. 

Магистратура, докторантураға түсудің міндетті кезеңі болып табылады.

Мамандықтар

 «Бизнес» кафедрасы


 6М050700 «Менеджмент» мамандығы

Академиялық дәрежесі: экономика және бизнес магистрі, 6М050700 «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі. 

Біліктілік сипаттамасы «Менеджмент» мамандығы магистратурасы түлегінің іргелі ғылыми және кәсіптік дайындығы болу керек, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу, сақтау әдістерін қосып алғанда заманауи ақпарттық технологияны меңгере білуі,   қазіргі ғылыми және практикалық мәселелердің шешімін және түйініні таба білу, 6М050700 «Менеджмент» мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу/эксперименталды–зерттеу қызметін жүргізу және жоспарлау, жоо-да оқытушылық қызметте болу, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыра білуі қажет. 

Кәсіптік қызмет нысандары: 

  • бейінді дайындық бойынша: сала қызметіне байланыссыз барлық жеке меншік ұйымдар мен кәсіпорындар, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары мен инфрақұрылымы (министрлер департаменті, агенттігі, облыстық, қалалық аудандық әкімшіліктер мен маслихаттар);
  • ғылыми-педагогикалық бағытта: сала қызметіне байланыссыз барлық жеке меншік ұйымдар мен кәсіпорындар; мемлекеттік және жергілікті басқару органдары мен инфрақұрылымы; орта кәсіптік және жоғары оқу орындары, ғылыи-зерттеу және эксперттік – консалтингтік ұйымдар, мекеме аралық, аймақ және халықаралық ғылыми жобалық ұйымдар.


 6М050900 «Қаржы» мамандығы

Академиялық дәрежесі: экономика және бизнес магистрі, 6М050900 Қаржы мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі. 

Біліктілік сипаттамасы:  Қаржы мамандығының магистрі халықаралық қаржы нарығы мен құралдарының құрылымын білуі керек, қазіргі практикалық мәселенінің шешімін және түйінін таба білу, бизнес-ортада басқару қызметін жоспарлау,  жүзеге асыру, қаржы менеджметінің қажетті түрін таңдаууға қалыптасу, заманауи технологияларды игеруі, ғылыми-зерттеу жұмысын өз бетімен жүргізе білу дағдысы болу керек. 

Кәсіптік қызмет нысандары:

  • бейінді дайындық бойынша:  банк және қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу органдары; қаржы институттары; бюджеттік ұйымдар; әр түрлі ұйымдық-құқықтық түрдегі ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық және қаржы-аналитикалық қызметтері;
  • ғылыми-педагогикалық бағытта:  жоо, ғылыми-зерттеу экономикалық институттары, банк және қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу органдары, қаржы институттары, бюджеттік ұйымдар,  әр түрлі ұйымдық-құқықтық түрдегі ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық және қаржы-аналитикалық қызметтері;

  6М070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы

Академиялық дәрежесі:  техника мен технология магистрі, Ақпараттық жүйелер мамандығы  бойынша техника ғылымдарының магистрі. 

Біліктілік сипаттамасы, Ақпараттық жүйелер мамандығы  бойынша магистратураның түлегі ақпараттық жүйелердің классификациясы мен негізгі типтерін, ақпараттық процестердің заңдылығын, кәсіптік мәні бар ақпаратты ұсыну және іздеу әдістерін  білуі керек,    тиімді жоспарлауды, енгізуді, ұйымның комьпютерлік инфрақұрылымын қолдауды жүзеге асыра білу дағдысы және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлей білуі қажет. 

Кәсіптік қызмет нысандары:

  • бейінді дайындық бойынша: мемлекеттік басқарудың компьютерлік қызметтері; өнеркәсіптік кәсіпорындардың компьютерлік қызметтері; қаржы ұйымдарының компьютерлік қызметтері және т.б.
  • ғылыми-педагогикалық бағытта:  ғылыми-зерттеу мекемелерінің компьютерлік қызметтері; мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық қызметі; оқу орындары; жобалық ұйымдардың ақпараттық қызметі; өнеркәсіптік кәсіпорындардың ақпараттық қызметі.

 «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы

6М030100 «Құқықтану» мамандығы

Академиялық дәрежесі: құқық магистрі, 6М030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі. 

Біліктілік сипаттамасы: «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратураның түлегінің іргелі ғылыми және кәсіптік дайындығы болу керек, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу, сақтау әдістерін қосып алғанда заманауи ақпарттық технологияны меңгере білуі,   қазіргі ғылыми және практикалық мәселелердің шешімін және түйініні таба білу, 6М030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу/эксперименталды–зерттеу қызметін жүргізу және жоспарлау, жоо-да оқытушылық қызметте болу, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыра білуі қажет. 

Кәсіптік қызмет саласықұқық қорғау органдары, мемлекеттік қызмет пен басқарудың атқару және сайланған органдары,адвокатура, сот, банкілер, әділет органдары, сақтандыру және аудиторлық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар, жоо, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, сонымен қатар магистрлер  (PhD) акадеиялық дәрежесін алу үшін ары қарай жалғастырып білім алуға мүмкіндігі бар. 

Кәсіптік қызмет түрлері:

  • бейінді дайындық бойынша: әкімшілік-басқару, эксперттік-кеңес, заң, ұйымдық-басқару; 
  • ғылыми-педагогикалық бағытта: білім беру, ғылыми-зерттеу, әдістемелік.


6М020200 «Халықаралық қатынастар» мамандығы

Академиялық дәрежесі:  гуманитарлық білім магистрі, «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылым магистрі 

Біліктілік сипаттамасы: «Халықаралық қатынастар» мамандығы магистратурасының түлегі халықаралық қатынастардың қазіргі жетістіктері және маңызды мәні бар мәселелер туралы ұғымы болу керек. Қазіргі халықаралық-саяси процестің заңдылықтары туралы білу, өзінің әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік, әлеуметтік рөлін ұғыну. Мамандану аясында қаланған білімнің негізін білу; әлемдік бірлестік субъектілерінің өзара әрекет принциптерін, маңызын білу, қазіргі әлемдегі жаһандану және интеграция процесстері. 

Кәсіптік қызмет саласықұқық қорғау органдары, мемлекеттік қызмет пен басқарудың атқару және сайланған органдары,  ,адвокатура, сот, банкілер, әділет органдары, сақтандыру және аудиторлық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар, жоо, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, сонымен қатар магистрлер  (PhD) академиялық дәрежесін алу үшін ары қарай жалғастырып білім алуға мүмкіндігі бар.

Кәсіптік қызмет түрлері:

  • бейінді дайындық бойынша: халықаралық қатынастар, сыртқы саясат мемлекет аралық байланыс, халықаралық ұйымдар мәселесімен айналысатын мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі аналитикалық орталықтар, ұйымдар, мекемелер.
  • ғылыми-педагогикалық бағытта: ғылыми-зерттеу мекемелері, аналитикалық орталықтар, ұйымдар жоғары оқу орындары,  сыртқы саясат, мемлекет аралық байланыс, халықарлық қатынастар мәселесімен айналысатын мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі мекемелер, халықаралық ұйымдар, институттар, қорлар, БКБ.


«Шет тілдер» кафедрасы


 6М011900 «Шет тілі: ағылшын тілі» мамандығы

Академиялық дәрежесі: білім магистрі,  6М011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі 

Біліктілік сипаттамасы:  «Шет тілі: ағылшын тілі» магистратурасы түлегінің қаланған ғылыми-педагогикалық және кәсіптік дайындығы болуы керек, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру, басқа тілдегі коммуникативтік-кәсіптік құзіретті болу, лингводидактикалық және лингвистикалық ғылымдар саласында терең білімді болу,  қазіргі практикалық және ғылыми мәселелердің шешімін және түйінін таба білу, ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау және жүргізе білу, жоо-да оқытушылық қызметте болу, басқару және зерттеу қызметін табысты жүзеге асыра білу. 

Кәсіптік қызмет саласы

  • бейінді дайындық бойынша: орта бейіндегі оқы орындары, кәсіптік бейімделу және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру мекемелері, педагогикалық кадрларды қайта дайындау орталықтары;
  • ғылыми-педагогикалық бағытта: жоғарғы мектеп, ғылыми-зерттеу орталықтары.


6М020700 «Аударма ісі» мамандығы

Академиялық дәрежесі:  гуманитарлық білім магистрі, 6М020700 «Аударма ісі» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі. 

Біліктілік сипаттамасы«Аударма ісі» мамандығы бойынша магистратура түлегінің қаланған ғылыми-педагогикалық және кәсіптік дайындығы болу керек, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу, сақтау әдістерін қосып алғанда заманауи ақпарттық технологияны меңгере білуі,   қазіргі ғылыми және практикалық мәселелердің шешімін және түйінін таба білу, ғылыми-зерттеу/эксперименталды–зерттеу қызметін жүргізу және жоспарлау.  Келесі мәселелер мен кәсіптік маңызы бар міндеттерді шешу үшін түскен ақпарат бойынша бағалау-сыни, аналитикалық-мағыналық өңдеуді өткізе білу дағдысы;  аударма мәтінін түсіндіру үшін түпнұсқадағы ақпаратты жинақтау, топтау, тұпнұсқа мәтіндегі бейімделу процесін аударма мәтінімен байланыстыру; негізгі мәтіннің логикалық-мағыналық бірізділігін болжау және жеке өзінің аударма стратегиясын анықтау. 

Кәсіптік қызмет саласы:  халықаралық ұйымдардағы кәсіптік қызмет, шетелдік және қазақстандық елшіліктер, әлеуметті қызмет пен кәсіптік салалық тілдік орта бойынша маманданатын мемлекеттік ведомстволар мен қызметтерде, сонымен қатар жоғары, жоғарғы оқу орнынан кейінгі және ғылыми-зерттеу секторлары.

 «Педагогика және  психология» кафедрасы


 6М050300 «Психология» мамандығы

Академиялық дәрежесі: әлеуметтік білім магистрі,6М050300 «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылым магистрі 

Біліктілік сипаттамасы: «Психология» мамандығы бойынша магистратураның түлегінде мамандану аясында қаланған ғылымның негізі болу керек, адам психикасының заңдылықтары мен механизмін, маңызын, қазіргі психологияның тенденциялары мен негізгі жетістіктерін, психикалық құбылыстарды талдау әдісін, психологтың кәсіптік қызметінің технологиясын, кәсіптік этиканың негізгі ережелерін білуі керек және оларды өзінің қызметінде шебер қолдана білуі қажет, өндірісте еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай білу және оны өзгелерден талап ете білуі, мамандық бойынша шет тілінің біреуін еркін меңгеру, қызметкерлер құрамын басқару және менеджмент негізін білуі қажет.        

Кәсіптік қызмет саласы:  мектепке дейінгі ұйымдар, орта мектептер, лицей мен гимназиялар, мамандандырылған білім беру және тәрбие ұйымдары, училищелер, колледждер мен техникумдар, ғылыми-зерттеу институттары, зерттеу орталықтары, спорттық және шығармашылық ұйымдар, денсаулық сақтау ұйымдары, кәсіптік бейімделу және кәсіптік білім беру орталықтары, қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтер, жұмыспен қамту орталығы, қоғамдық пікір мен саяси технологияларды зерттеу орталығы,  бизнесті ұйымдастыру өндірістік кәсіпорындары, құқық қорғау ұйымдары мен пенитенциарлы орындар, педагогикалық қараусыз қалған балалар мен жасөсіпірімдерді әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталықтары, адам мен қоғамның, адам мен техниканың өзара әрекетінің психологиялық мәселелері мен коммуникативті процестері.  

 

 

Магистратураға түсу құжаттары

Магистратурға түсу үшін төмендегі құжаттар тапсырады:

  1. Ұйым басшысының атына жазылған өтініші;
  2. жоғары білімі туралы құжаттардың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі және құжаттардың түпнұсқасы;
  3. еңбек кітапшасы болған жағдайда  нотариалды түрде куәландырылған көшіремесі және кадрлар есебі бойынша жеке парақ;
  4. 3*4 көлемдегі алты фотосурет;
  5.  086-У үлгідегі медициналық анықтама;
  6. жеке куәліктің көшіремесі;
  7. егер болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі.
  8. ақылы негізде түсетіндерге оқу ақысының төленетіні туралы жасасқан  келісім шартты растайтын кепіл хат;  
  9. қосымша құжаттар  (қосымша құжаттардың тізімін ҚР БҒМ анықтауы мүмкін);
  10. мемлекеттік тестілеу үшін төлемақы туралы түбіртегі . Төлемақы  «Қазақстан Халық Банк» АҚ арқылы жүргізіледі.

Реквизиттер:

РМҚК Ұлттық тестілеу орталығы

ҚР Білім және Ғылым Министрлігі

010011, Астана қ, Жеңіс даңғылы, 60

СТН  600300086081

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX

БИН 000140001853 КБе 16

Қазақстан Халық  Банк  АҚ

Хабарландыру

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru