Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Новости

Бастысын бөліп көрсетіп

2017 жылдың 23 ақпанында ҚАЕУ-де ағылшын тілінің сертификатталған оқытушысыГэри Сопер (Портленд қаласы, Орегон штаты, АҚШ) «Оқушының зейінін бастысына қалай аударуға болады? (FocusingontheEssentials)» тақырыбына шеберлік сабағын өткізді.Таным барысында қарапайым есте ұстау мен түсінуден қолдану, талдау,  құрастыру және бағалау деңгейлеріне алып шығару… Жай жағдайда назардан тыс қалып қоятын маңызды нәрсеге ынтаны тоғыстыру үшін, күтпеген ахуал құру...

Гэри Сопер  осындай жаттығуды ҚАЕУ колледжі мен ӨК ЭҚК оқытушыларына арнап  16 ақпанда өткізді. Шеберлік сабағы екі топтамада өтті, біріншісі 2017 жылдың  16 ақпанында өткен болатын.

Шеберлік сабағынан өткен қорытындылар бойынша қатысушыларға    сертификаттар тапсырылды. 

Жұртшылықпен байланыс Орталығы 

Ресейлік серіктес-ЖОО оқытушысының ҚАЕУ-ге сапары

Қазақстан-Американдық еркін университеті  және Тұтыну кооперциясы Сібір университеті (Новосібір қаласы, Ресей)  арасындағы  ынтымақтастық туралы шарттың  аясында, 2017 жылдың 18- 22 ақпаны аралығында ҚАЕУ-де  ТКСібУ шетел тілі  кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент  Чирейкина Ольга Юрьевна сапармен болды. Қысқа жұмыс сапары әртүрлі іс-шаралар мен кездесулерге толы болды. Чирейкина О.Ю. 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі», 5В020700 «Аударма ісі»:  «Екінші шетел тілі (испан)», «Оқылатын тіл теориясының негіздері», «Арнайы мақсаттарға арналған тіл» мамандықтарында оқитын және де 5В020200 «Халықаралық қатынастар» - «Халықаралық жанжалдар және оларды үйлестіру» (ағылшын тілінде) мамандықтарында оқитын студенттердің  бірқатар сабақтарына қатысты. Оған қоса, Чирейкина О.Ю. ҚАЕУ студенттері үшін сабақтар жүргізді. 24 ақпанда  «Шетел тілі сабақтарында жобалық әдістемені қолдану» тақырыбына 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3 курс студенттері үшін қонақтық дәріс өткізілді. Дәріс оқушы «жоба» ұғымына анықтама беріп,  жобаға жұмысдың кезеңдері, жобаларды бағалау өлшемдері жайлы айтып берді. Дәріс соңында  Чирейкина О.Ю. студенттердің сауалдарына жауап берді.

Сол күні Ольга Юрьевна 5В030100 «Заңтану» мамандығының студенттеріне латын тілінен сабақ жүргізді. Көптеген тілдер үшін заң терминдерінің қалыптасуының қайнар көзі рим құқығы болды. Көптеген римдік заң терминдері, олардың орфографиялық құрылымы іс жүзінде өзгермей-ақ, заманауи заңнамалық жүйелер игілігіне айналып, біздің күндерге дейін жетті. Студенттер және оқытушы осы терминдердің ең кеңірек қолданылатындарын талқылады.

Сапар аясында ол ҚАЕУ шетел тілдері  кафедрасының ОПҚ және  ҚАЕУ мәнсап және тұлға даму Орталығының менеджері Смағұловамен Г. кездесті. Университетке сапарының соңында Чирейкина О.Ю. ҚАЕУ мұражайында болды.

«Шетел тілдері» кафедрасы

ҚАЕУ студенттері арасындағы баскетболдан жыл сайынғы жарыстар

2017 жылдың 23 ақпанында, ерлер командалары арасында баскетболдан жарыс болып өтті, ол ҚАЕУ президенті жүлдесіне жыл сайынғы Спартакиада аясында өткізілді.

Жарысқа ҚАЕУ студентері және де ӨК ЭҚК мен ҚАЕУ колледжі білім алушылары қатысты.

Жарыс жарқын жарыс сәттерімен есте қалды. Қатысушылар командалық рух және айтарлықтай жоғары спорттық  шеберлік деңгейін  көрсетті.

3 орынды мына құрамда ҚАЕУ колледжі командасы иеленді:

1 Закирьянов Михаил (командакапитаны)

2 Богер Даниил

3 Анарбеков Әділ

4 БолатЕрзат

5 Идаятұлы Қашап

6 АскербековМәди

7 МұзраповБексұлтан

8 СамарбекұлыДанияр

9 ҚадырбековРаджан

10 Кашин Андрей

ЭҚК командасы мына құрамда 2 орын алды:

1 Смирнов Михаил (командакапитаны)

2 Керімов Әли

3 ҚұсмановАзамат

4 Поляков Иван

5 Грицай Никита

6 ҚұсаиновИслям

7 Еремин Виктор

8 Голяшов Владислав

9 ҚалымбекЕскендір

10 Қазыбаев Әділет

1 орынды және чемпиондар атағын ҚАЕУ университеті студенттері мына құрамда жеңіп алды:

1 Чех Дмитрий (командакапитаны)

2 Сахновский Анатолий

3 Сахновский Владимир

4 Беляев Максим

5 Рахимов Азат

6 РахметқалиевРамет

7 Цыплаков Виктор

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері мадақтамалармен марапатталды.

Жарысты университет пен колледждердің дене шынықтыру оқытушылары ұйымдастырып, өткізді. Жарыстың бас төрешісі – ЭҚК оқытушысы - Полторыхин Алексей Иванович, бас хатшысы –ҚАЕУ колледжі оқытушысы – Сәбитов Мүтән Закирьяұлы.

 «Педагогикажәне психология» кафедрасы

View the embedded image gallery online at:
http://kafu.kz/kz/zhaalytar.html#sigProGalleria8da48e1d2c

ҚАЕУ студенттерінің 6699 әскери бөлім өкілдерімен кездесуі

2017 жылдың 23 ақпанында ҚАЕУ мәжіліс залында, «ҚР Ұлттық ұланының 25 жылдығына» және ҚР Президентінің Қазақста халқына Жолдауына арналған, «Ұлттық ұлан– біртұтас жауынгерлік отбасы» тақырыбына 6699 әскери бөлім өкілдері – тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі бөлімшенің бастығы, майор Бөлегенов Руслан Асқарұлымен және тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі бөлімше бастығының аға көмекшісі, лейтетант АубакировФархат Өсімханұлымен студенттердің кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында Бөлегенов Р.А. провел содержательную беседу со студенттермен әскери қызметтің ерекшеліктері,  патриоттық тәрбие жайлы өмірден мысалдар келтіріп, мазмұнды әңгіме өткізді. Әңгімелесу барысында ол   университет қызметкерлеріне тығыз ынтымақтастық және жас әскерге шақырушылармен психологиялық диагностикалық жұмыстар жүргізгендері үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хаттарын табыс етті. Сұхбаттасу аяқталған соң, студенттерге ҚР Ұлттық ұланы туралы танымдық фильм көрсетілді.

Жұртшылықпен байланыс Орталығы 

View the embedded image gallery online at:
http://kafu.kz/kz/zhaalytar.html#sigProGalleria40ce5e3096

9-11 сынып оқушылары арасында экономикадан өңірлік олимпиада

2017 жылдың 22 ақпанында Қазақстан – Американдық еркін университетінде «Бизнес» кафедрасы, «EXPO-2017» техникалық және технологиялық жетістіктер халықаралық көрмесіне орайластырылған, 9-11 сынып оқушылары арасында экономикадан өңірлік олимпиада өткізді.

Олимпиадаға қатысуға 26 білім беру мекемелері ниет білдірді.

Экономикадан мектеп оқушыларының өңірлік  олимпиадасы екі кезеңде өткізілді:  күндізгі және сырттай. Олимпиаданың жұмыс тілдері –қазақ,орыс және ағылшын.

Олимпиаданың бірінші кезеңі (сырттай) бизнес-жобалар жазуға арналды, оның мақсаты өңірдің мектеп оқушыларының экономикалық және кәсіпкерлік салаларында   инновациялық әлеуеттерін  дамыту болды. Бизнес-жобалардың тақырыпнамасы:

1. Жасыл экономика

2. Инновациялық жарып өту

3. Басымдық - АГРО

4. Болашақ энергиясы

5. Әлеуметтік кәсіпкерлік

6. Үздік туристік өнім

Жіберілген жұмыстарды қазылар алқасы келесі өлшемдер бойынша бағалады: жоба идеясын сипаттау; жобаның мақсаты мен міндеттері; өндіруге жоспарланған өнімнің сипаттамасы; маркетингтік жоспар; жоба түйіндемесі (жоспарланған нәтиже). Аталмыш байқау бойынша ең жоғары баға 30 балл. Қорытынды баллдар сомасы бойынша қазылар алқасы хаттамасына сәйкес «Үздік бизнес-жоба» аталымының жеңімпаздары анықталды:

1 орын – «№ 24 орта мектеп» ҚММ - 23 балл.

2 орын – «№ 9 орта мектеп» ҚММ - 20 балл.

3 орын - «Құмаш Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі» - 19 балл.

Олимпиаданың екінші күндізгі кезеңі үш байқаудан тұрды.

Бірінші байқау - команда тұсаукесері.

Екінші байқау  - блиц-байқау «Өз ойыны».

Үшінші байқау - экономикалық тақырыпқа  музыкалық нөмір (ән, сахналау, КТК).

 «Үздік музыкалық нөмір» аталымында, өз  креативтігімен және  сазды-театрлық қабілеттерімен қазылар алқасы мен көрермендердің назарын билеп алған, Құмаш Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі командасы жеңімпаз атанды.

Барлық байқаулар өткізу қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды таңдап, орындарды келесідей бөлді:

Бірінші орын–«№ 9 орта мектеп» ҚММ, ол барлық байқаулар бойынша ең көп балл жинады–сомасында 61 балл.

Екінші орын–«№ 24 орта мектеп» ҚММ - 56 балл.

Үшінші орын – мемлекеттік тілдегі «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы» Риддер қаласы  – 52 балл.

Олимпиаданың барлық қатысушылары мадақтамалар, алғыс хаттары, ынталандыру жүлделерімен марапатталып, ал жеңімпаздар оқуға жеңілдіктер алды.

Іс-шара айтарлықтай жоғары деңгейде өтті, мектеп оқушылары экономика ғылымдары саласында үздік білімдерін көрсетіп, ғылыми жобаларын тамаша қорғап, үй тапсырмасына даярлыққа шығармашылықпен қарап, өз креативтіктері мен ептіліктерін көрсетті, сөйтіп өз оқу орындарын лайықты түрде көрсете алды.

«Бизнес» кафедрасы

View the embedded image gallery online at:
http://kafu.kz/kz/zhaalytar.html#sigProGalleria5464aa9a22

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru