Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Университеттің үздік оқытушысы» сайысы

2016 жылдың  18 қаңтары мен 30 сәуірі аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Университеттің үздік оқытушысы» сайысы өтті, бұл сайысқа университетіміздің штаттағы оқытушылары қатысты. Сайыс екі кезеңнен өтті.

Алғашқы кафедра бойынша өтетін кезеңін (2016 жылдың  18 қаңтары мен 15 ақпан аралығында) – факультет шеңберінде декан мен кафедра меңгерушілері ұйымдастырды. «Университеттің үздік оқытушысы» атағына үміткерлер оқытушы қызметінің сапалық және сандық көрсеткіштерін сипаттайтын құжаттарды ұсынды (Сайыс бойынша Ережелерге сәйкес):

  •         Академиялық, ғылыми дәреженің, ғылыми атақтың болуы;
  •         Ғылыми зерттеулерінің болуы;
  •         Соңғы 1-5 жыл ішіндегі ғылыми жетістікер;
  •         Бір жыл көлемінде ғылыми журналдардың редакциялық алқа жұмысына қатысуы;
  •         Конференцияларға, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарларға секция төрағасы, хатшы-модератор ретінде қатысуы;
  •         Соңғы 3 жылдың ішінде ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауы;
  •         Соңғы 3 жылдың ішіндегі ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;
  •         Студенттің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарына жетекшілік етуі;
  •         Оқу үрдісінде инновациялық оқу технологияларын қолдануы;
  •         Білім алушылардың оқытушы қызметін кешенді бағалауы;
  •         Ағылшын тілін оқуы және т.б.

Сайыстың кафедра ішіндегі кезеңінің материалдары (әр кафедрадан 3 оқытушы) университетіміздің конкурстық комиссиясына тапсырылды.

Университетішілік екінші кезең (2016 жылдың  1 наурызы мен 30 сәуір аралығында) – ашық сабақтар кестесіне сәйкес өткізілді. Ұсынылған құжаттарды зерттеу мен ашық сабақ өткізу негізінде конкурстық комиссия қатысушыларды жиналған ұпайларының соммасы бойынша ранжирледі.

Сайысқа қатысушылардың педагогикалық шеберліктерін бағалау үшін кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысын сәтті атқарып келе жатқан ең білікті оқытушылары қатарынан комиссия бекітілген болатын. Конкурстық комиссия 6 адамнан тұрып, университеттің оқу жұмысы мен білім беру бағдарламалары бойынша вице-президент, э.ғ.к. Конопьянова Г.А. төрағалығымен өз жұмысын жүзеге асырып отырды. Университет кафедралары «Мониторинг және білім беру бағдарламалары» бөліміне конкурсқа қатысу бойынша кафедра отырыстарының хаттамаларының көшірмелерін ұсынды. Сайысқа қатысушылардың барлығы да «Мониторинг және білім беру бағдарламалары» бөліміне сараптамадан өткен нормативті құжаттар талаптарына сәйкес келетін ашық  сабақтарының әдістемелік жоспарларын уақытында тапсырғанын ерекше атап өту керек. 

Ашық сабақтарды талдау барысында конкурстық комиссия мүшелері мықты және осал жерлерін атап өтіп, студенттерді оқыту үрісін жетілдіру бойынша ұсыныстарын беріп отырды. Сайыс сабақтары ашық болғандықтан,  тәжірибе алмасу, озық педагогикалық тәжірибені бақылау, заманауи отандық және шетел педагогикалық, психологиялық, әдістемелік жетістіктерді зерттеу, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларын меңгеру мақсатында бұл сабақтарға кафедаралардың ПОҚ-тары еркін қатысты.

Конкурстық комиссия шешімі бойынша оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін, құралдарын пайдалана отырып, сабақ еркін формада өткізілді. Сайыс барысында дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар өткізілді. Ашық сабақ өткізуде сайысқа қатысқан оқытушылар сабақтың барлық формаларын қолданды: ақпаратты беру мен қабылдау әдісі бойынша, материалды ашу логикасы бойынша, материалды меңгеру әдісі бойынша және т.б.

2015- 2016 оқу жылының  «Университеттің үздік оқытушысы» сайысының жеңімпаздары болғандар:

Гаврилова Ю.А. – з.ғ.к., "Құқық және халықаралық қатынастар" кафедрасының меңгерушісі;

Еділбаева Г.Б. - "Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы;

Абдрахманова А.Қ. - "Құқық және халықаралық қатынастар" кафедрасының аға оқытушысы;

Герсонская В.В. - "Шет тілдері" кафедрасының аға оқытушысы.

 

 

 

 

 

Хабарландыру

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru