Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Үндеу

Құрметті Қазақстан-Американдық-еркін университетінің қызметкерлері мен студенттері!

Сыбайлас жемқорлық Қазақстан қауіпсіздігіне жүйелік қауіп-қатер әкеліп, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қатер төндіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының кері келеңсіз беделін тудырып, жүргізілген реформаларға кедергі болады.     

Біздің елімізде қазіргі таңда 2015 жылғы 18 –қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және 2015 жылғы 23-қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң әрекет етеді. Қазақстан Республикасының 2010-2020жж кезеңіне арналған құқықтық саясат концепциясымен сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қатаң жауапкершілік жүктеу қажеттілігіне баса мән беріңіздер!

Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен халықаралық келісімді жүзге асыру үшін Қазақстан Республикасымен 2008 жылғы 4-мамырда БҰҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясы бекітілді.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын ары қарай анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы жарлығымен 2015-2025 жж арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа саяси бағыты»  атты халыққа жолдауында сыбайлас жемқорлық жай ғана құқық бұзушылық емес, ол ұлттық қауіпсіздікке  тікелей қауіп тудырушы және мемлекеттің тиімділігіне кері әсерін, яғни зиянын тигізуші деп атап көрсетті.   

Сондықтан да  сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдылығы болып табылады.

Қымбатты қызметкерлер мен студенттер, айналамызда болып жатқан сыбайлас жемқорлық деректеріне көз жұма қарамай оларға қарсы тұра білейік!   

Заңды бұзудың өтеуі жауапкершілік пен жаза екенін естен шығармайық.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru