Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Басшылық

ЕРЕЖЕП МАМБЕТКАЗИЕВ

ҚАЕУ ПРЕЗИДЕНТІ

ҚР ҰҒА, бірнеше халықаралық академиялар академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, Кентукки университетінің (АҚШ) "Құрметті профессоры", Атлантис университетінің (АҚШ) «Жаратылыстану ғылымдарының құрметті докторы», "Парасат" орденімен марапатталған. ЖОО практикасына енгізіліп, қолдау тапқан білім беру мен ғылымдағы бірқатар инновациялардың авторы. Ашылуына және алғашқы түлектерге диплом беру салтанатына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өзі қатысқан еліміздегі ең алғашқы халықаралық серіктестіктегі ЖОО  Қазақстан-Американдық еркін университетін құрушы. 

IMG 002

МАРШАЛЛ КРИСТЕНСЕН

ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

АҚШ азаматы, "СО-SERVE INTERNATIONAL" ұйымының президенті (АҚШ), PhD тарих докторы, Фуллбрайт фонды грантының иегері. М. Кристенсен 15 жыл көлемінде АҚШ-тағы ең беделді университеттердің бірі Уорнер Пасификтің президенті болды. Маршалл Кристенсен фондының негізін салушы және Бас хатшысы болып табылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің "ҚР білім беруіндегі құрметті қызметкері" белгісімен, Ы.Алтынсарин белгісімен марапатталған.  

ДЕНИЕЛ БЭЛЛАСТ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БОЙЫНША ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ

АҚШ азаматы,"СО-SERVE INTERNATIONAL" ұйымының вице-президенті (АҚШ). Пурдью университетінің (АҚШ) түлегі, 1999 жылы Д. Бэлласт қазақ филологиясының магистрі дәрежесін алды, дипломды ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзі табыстады. Д. Бэлласт ҚАЕУ-дің іргесі қаланған күннен бастап оның халықаралық білім беру бағдарламаларына басшылық жасайтын вице-президенті қызметін атқаруда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің "ҚР білім беруіндегі құрметті қызметкері" белгісімен марапатталған. 

АЙДАР МАМБЕТКАЗИЕВ

ҚАЕУ РЕКТОРЫ

Менеджмент бойынша филофосия докторы (PhD), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. А. Мамбетказиев Қазақстан Республикасының Философия институты мен ҰҒА-да тағылымдамадан өткен. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталған. 

ГАЛИНА КОНОПЬЯНОВА

БІРІНШІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ 

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. Орджоникидзе атындағы Мәскеу басқару институтының түлегі. Г. Конопьянова Эрджиестік университетінде (Түркия) және George Fox University (АҚШ) тағылымдамадан өткен. ҚАЕУ-дің оқу-әдістемелік, ғылыми және аудиториядан тыс жұмысын басқарып отыр. А.Байтұрсынов атындағы орденмен марапатталған.  

ЕРСАИН НӘБИЕВ

ҚАЕУ ПРОРЕКТОРЫ, ӨСКЕМЕН ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ 

Педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдарының академигі.

 

САЯХАТ ХАСЕНОВ 

ӘКІМШІЛІК СҰРАҚТАР БОЙЫНША ПРОРЕКТОР

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Университеттің жалпы әкімшілік және қоғамдық қызметін басқарады.  

ГАЛИНА МЕНЗЮК

БИЗНЕС, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ

Заң ғылымдарының кандидаты. Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. 

НАДЕЖДА ШЕФЕР

СЫРТТАЙ ЖӘНЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Өскемен педагогикалық институтының түлегі. 

МАХМЕТ ШУРАЕВ

ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ПРОРЕКТОР

Іскери әкімшілік магистрі. Өскемен педагогикалық институтының түлегі. Екінші білімін Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінде алды. Университеттің өндірістік-коммерциялық сұрақтары бойынша қызметін басқарады.   

 

ИГОРЬ ПАНОВ

ШАРУАШЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР БОЙЫНША ДИРЕКТОР

Менеджмент магистрі. Өскемен жол-құрылыс институтының түлегі. Университеттің құрылыс пен шаруашылық сұрақтары бойынша қызметін басқарады. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru