Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Тарихы

  • Қаңтар1993ж.

- «ИнтерВарсити» (Intervarsity) бағдарлама өкілдерінің студенттермен алмасу мақсатында Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне тұңғыш келуі. Американдық студенттерді қатыстыру арқылы алмасу жөніндегі бірінші жазғы бағдарламаны өткізу туралы «Келісімшартқа» қол қою.

  • Маусым 1993ж.

- алмасу  жөніндегі бір айлық жазғы бағдарламаны жүзеге асыру үшін «InterVarcity» ұйымының 2 қызметкері мен АҚШ ЖОО 9 студентінің келуі.

  •   Тамыз 1993 ж.

- ағылшын тілінде сөйлейтіндерретінде оқу процесіне қатысқан АҚШ ЖОО-нан келген алғашқы  оқытушылармен ШҚМУ-нің ынтымақтастығы басталды.

  • Желтоқсан1993ж

- ШҚМУ американдық серіктестер тобының жетекшісі  Дэниэла Бэлласттың «Урбана» (АҚШ, Иллинойс штаты) конференциясында қазақстандық ЖОО-мен серіктестіктің алғашқы қорытындысы жөнінде баяндамасы.

  •   Ақпан  1994 ж.

- ҚР Білім және ғылым министрі  Е.А.Мәмбетқазиев пен ШҚМУ ректоры К.Х.Закирьяновтың Қазақстанның ресми үкіметтік делегациясының құрамында АҚШ-на сапары. Халықаралық бағдарламалар бойынша «InterVarcity» вице-президенті  Д.ХаррисонменШҚМУ құрылымында Халықаралық Жоғары Колледжін құру жобасы туралы келісім жүргізуі.

  • Сәуір 1994 ж.

- Халықаралық Колледжін Жоғары ашу туралы ШҚМУ мен «InterVarcity» (АҚШ) арасында ресми келісімшартқа қол қою. Д.БэлластыАмерика тарапынан Колледждің вице-президенті қызметіне тағайындау.

  • 19 мамыр 1994 ж.

- ШҚМУ құрылымында «Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар Халықаралық Жоғары Колледжін» ашу жөнінде Білім министерлігінің бұйрығы шықты.

  • Шілде  1994 ж.

- студенттермен алмасу жөніндегі екінші жазғы бағдарламаны жүзеге асыру.

  • Қыркүйек1994 ж.

- Халықаралық Жоғары Колледжінде оқуға алғашқы студенттерді қабылдау.

  •  Ақпан  1995 ж.

 

- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен Халықаралық Жоғары Колледжінің ресми ашылу рәсімі. 

  • Наурыз 1995 ж.

- «InterVarcity» вице-президенті Дэн Харрисонның (АҚШ) басшылығымен осы халықаралық ұйым  делегациясының Халықаралық Жоғары Колледжге келуі.

  •   Шілде 1995 ж.

  - Колледждің вице-президенті Д.Бэлласттың  Висконсин штатында (АҚШ) доктор М.Кристенсенментұңғыш кездесуі және келіссөз жүргізуі.

  - М.Кристенсенді американдық тараптан ынтымақтастық және Халықаралық Жоғары Колледжінің дамуы мәселелері жөніндегі куратор етіп тағайындау.

- студенттермен алмасу жөніндегі жазғы мәдени-лингвистикалық бағдарламаны жүзеге асыру 

  •  Қыркүйек1995ж.

- сегіз американдық профессордың, АҚШ маман-практиктердің және экономика және статистика жөніндегі қазақстандық оқытушылардың қатысуымен Колледжде екінші оқу жылының басталуы.

  • Қараша 1995 ж.

- ШҚМУ делегациясының АҚШ-ның Мэдисон, Висконсин штаты; Уитон, Иллинойс штаты; Чикаго, Иллинойс штаты; Гранд-Рапидс, Мичиган штаты, қалаларына сапары. Халықаралық Жоғары Колледж студенттерінің АҚШ-да кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру туралы «InterVarcity»-мен «Келісімшартқа» отыру.

  • Қараша 1996 ж.

-  ҚАЕУ делегациясының АҚШ-ның Техас, Аризона, Калифорния, Орегон штаттарына сапары.

  Колледждің қалыптасу мәселелері бойынша «InterVarcity»-дің қазақстандық тараппен ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі келіссөздері. Аризон штатының мемлекеттік университетінде болу. Ғылыми жұмыстағы серіктестікті жүзеге асыру жөнінде Х.Холлманжәне С.Коучпенкездесу және келіссөздер жүргізу. ШҚМУ ректоры Е.Мәмбетқазиевтің М.Кристенсенмен алғашқы танысуы.

  • Қаңтар  1997 ж.

- «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша білім беру қызметін жүргізуге  ҚР Білім және ғылым министрлігінің лицензиясын алу.

  • Маусым 1997 ж.

- М.Кристенсенбасқарған экономика және бизнес саласындағы мамандар делегациясының (АҚШ) Өскемен қаласына алғашқы сапары.  Колледж  студенттерінің практикасын АҚШ–да (Орегон штаты) өтуі жөнінде «Келісім» жасау.

  • Тамыз 1997 ж.

- студенттердің алғашқы тобының Портленд қаласының (Орегон штаты, АҚШ) бизнес саласындағы кәсіптік іс-тәжірибесі.

  • Қазан 1997 ж.

- Колледждің одан әрі дамуын қолдау мақсатында М.Кристенсен Қорының құрылуы.

  • Қазан 1997 ж.

- шетелдік әріптестер Т.Гетчпен Ф.ЛудыңКолледжге алғаш келуі.

  • Қараша 1997 ж.

-  ҚАЕУ делегациясының АҚШ-на Орегон штаты, Портленд қаласына сапары.

  Қамқорлық Кеңесі (Портленд қ., Орегон штаты) алдында есеп беру, одан әрі даму жоспарларын, Колледждің дарынды студенттерінің АҚШ  университеттерінде оқуын жалғастыру мүмкіндіктерін талқылау.

  • Мамыр 1998 ж.

- Колледждің алғашқы студенті М.КристенсенҚоры Грантының иегері Д.КамысбаевтыАҚШ-наНортвест Назарин (Nortwestnazarine) (АҚШ,Айдахо штаты) университетінде  оқуын аяқтау үшін жіберу.

  • Тамыз 1998 ж.

- Колледж студенттерінің АҚШ-да Портленд (Орегонштаты), Сиэтл (Вашингтон штаты), Чикаго (Иллинойс штаты) Эвенсвиль (Индиана штаты),Остин (Техас штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты) қалаларындағы  кәсіптік іс-тәжірибесі.

  • Қараша 1998 ж.

-  ҚАЕУ делегациясының АҚШ, Орегон штаты, Портленд қаласына сапары. Қамқорлық Кеңесімен келіссөздер. МакМастер (Канада, Торонто қаласы) университетінде болу.

  • Мамыр 1999 ж.

- «АҚШ бизнесті қалай жасауға болады/Қазақстанда бизнесті қалай жасауға болады» кітабының Аризон Университетінде басылып шығарылуы. Авторлары Е.Мәмбетқазиев пен Х.Холлман.

  • Мамыр 1999 ж.

- М.КристенсенҚорының  Грантының иегерлері Колледж студенттері А.Вольф және И.Чигинді  – БӘМ «бизнес-әкімшілік магистрі» дәрежесін алуы үшін Нортвест Назарин университетіне (АҚШ) жіберу.

  • Маусым 1999 ж.

- ҚР Президенті Н.Назарбаевтың,ШҚОӘкімі В.Меттенің,Білім және ғылым министрі В.Школьниктің, американдық серіктестер - Колледждің құрметті профессорларының қатысуымен колледжді тұңғыш бітіруші түлектерге арналған  салтанатты рәсімі. Түлектерге қазақстандық және американдық 2 дипломның, ағылшын тілін және компьютерлік технологияларды меңгергені туралы сертификаттардың тапсырылуы. Колледждің вице-президенті, АҚШ азаматы Д.Бэлластқа (Қазақстан Республикасындағы тұңғыш) «Қазақ филологиясының магистрі» дипломын тапсыру. Шетелдік серіктестер үшін Колледждің болашақ қонақ үйінің іргетасын қалаудың салтанатты  рәсімі.

  • Шілде 1999 ж.

- Колледж студенттерінің АҚШ-да Портленд (Орегонштаты), Сиэтл (Вашингтон штаты), Чикаго (Иллинойс штаты) Эвенсвиль (Индиана штаты),Остин (Техас штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты) қалаларындағы  кәсіптік іс-тәжірибесі.

  • Қазан 1999 ж.

-  колледждің «Сенім» (Senim), АҚШ, Техас штаты, үкіметтік емес ұйымының өкілдері  Рик және Бонни Смитпен  ынтымақтастығының басталуы.

  • Қараша 1999 ж.

- оқыту процесі мен студенттердің іс-тәжірибесін АҚШ-да ұйымдастыруға қатысатын  шетелдік оқытушыларды іріктеуде Колледжге қолдау көрсету үшін  «Е2-білім беруде қызмет көрсету» (Е2- Educational Services-АҚШ, Вашингтон  штаты,Сиэтл қаласы) ұйымын құру.

  • Қаңтар 2000 ж.

- Қамқорлық Кеңесі мүшелері Д.Козетто мен К.Стампфтың (Орегон штаты, Портленд қаласы), қаржылай қолдауымен салынған «Стампф-Козетто» қонақ үйі құрлысының аяқталуы.

  • Ақпан 2000 ж.

- ҚАЕУ делегациясының АҚШ Айдахо, Орегон, Вашингтон, Калифорния, Аризона штаттарына сапары.  «Нортвест Назарин» университетімен (Айдахо штаты, Нампа қаласы) оқытушылар және студенттермен алмасу жөнінде «Келісімшарт» жасау. «Е2-білім беруде қызмет көрсету» ұйымының  директорлар Кеңесімен, М.Кристенсен Қоры Қамқорлық Кеңесі мүшелерімен кездесу. Бірлескен ғылыми жарияланымдар туралы Аризона қалалық Кеңесінің мүшесі Х.Холлманменжәне Аризона университетінің жетекшілерімен келіссөздер.

  • Сәуір 2000 ж.

- Колледждің оқу процесіне канадалық оқытушылардың қатысуына демеушілік туралы «Eдen Mинистрис» (Eden Ministries- Канада) ұйымымен «Келісімшартқа» қол қою.

  • Тамыз 2000 ж.

-  ҚАЕУ студенттерінің АҚШ-да Портленд (Орегонштаты), Сиэтл (Вашингтон штаты), Чикаго (Иллинойс штаты) Эвенсвиль (Индиана штаты), Остин (Техас штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты) қалаларындағы  кәсіптік іс-тәжірибесі.

  • Қыркүйек 2000ж.

- «Менеджмент» және «Заңтану» мамандықтары бойынша магистратураның ашылуы; ҚАЕУ студенті,  М.Кристенсен Қоры Грантының иегері М.Әубәкіровты «бизнес-әкімшілік ету магистрі» БӘМ дәрежесін қоса, магистратурада оқуын жалғастырып, «бинес-әкімшілік ету магистрі» - БӘМ дәрежесін алу үшін Нортвест Назарин (АҚШ) университетіне жіберу.

  • Қазан 2000 ж.

 

  • Қараша 2000 ж.

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің Колледжге  «Қазақстан-Американдық еркін университеті» (ҚАЕУ) мәртебесін беруі.

- Портленд қ. Орегон шаты, АҚШ. Маршалл Кристенсен қорының қолдауымен жұмыс істейтін ҚАЕУ американдық офисінің ашылуы.

  • Желтоқсан2000ж.

- «Сенім»(«Senim») (АҚШ)  гуманитарлық ұйымымен ынтымақтастық жөніндегі «Келісімшартқа» қол қою.

  • Мамыр 2001 ж.

- Қамқорлық кеңесінің (АҚШ) төрағасы М.Кристенсеннің және қонақ үй құрылысына демеушілік жасаушылар К.Стампф пен Д.Козеттоныңкелуі. Қонақ үйінің салтанатты ашылуы.

  • Шілде 2001ж.

- ҚАЕУ студенттерінің АҚШ-да Портленд (Орегон штаты), Сиэтл (Вашингтон штаты), Чикаго (Иллинойс штаты) Эвенсвиль (Индиана штаты),Остин (Техас штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты) қалаларындағы  кәсіптік іс-тәжірибесі.

  • Қараша 2001 ж.

- ҚАЕУ Қамқорлық Кеңесініңқұрылуы,  М.Кристенсенді Кеңес жетекшісі етіп тағайындау.

  • Қаңтар 2002 ж.

- ҚАЕУ американдық және қазақстандық 2 оқу бағдарламасын қалыптастыру: Сырттай-қысқартылған және қашықтықтан оқыту түрлерінің ашылуы.

  •  Қаңтар 2002 ж.

- ҚАЕУ делегациясының АҚШ-на сапары(Орегон, Вашингтон, Иллинойс, Техас штаттары). AICBE ұйымымен (халықаралық бизнес-білім Консорциумы) экономикалық мамандықтарға  қашықтықтан оқыту туралы «Келісімшарт» жасау.

  • Маусым 2002 ж.

-Е.Мәмбетқазиевтің ағылшын тілінде, кейіннен моңғол, қытай тілдерінде қайта басылып шығарылған «XXIғ. университеттері: инновациялар мен реформалар» атты монографиясының  Аризона Университетінде басылып шығарылуы.

  • Шілде 2002 ж.

- ҚАЕУ студенттерінің АҚШ-да Портленд (Орегон штаты), Сиэтл (Вашингтон штаты), Чикаго (Иллинойс штаты), Эвенсвиль (Индиана штаты),Остин (Техас штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты) қалаларындағы  кәсіптік іс-тәжірибесі.

  • Қыркүйек 2002 ж.

-  ҚАЕУ-нің Бажов көшесіндегі жаңа оқу ғимаратында сабақтардың басталуы.

  ҚАЕУ студенті, М.Кристенсен Қоры Грантының иегері А.Астафьеваны магистратурада оқуын жалғастырып, «бизнес-әкімшілік ету магистрі» БӘМ дәрежесін алу үшін Нортвест Назарин (АҚШ) университетіне жіберу.

  • Желтоқсан2002ж.

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік аттестаттауынансәтті өту. Бакалавриаттың 14 және магистратураның 2 «Менеджмент» және «Заңтану» мамандығы аттестатталды.

  • Ақпан 2003 ж.

- ҚАЕУ делегациясының АҚШ-на (Орегона, Аризона, Вашингтон штаттары) сапары.

  • Шілде 2003 ж.

- ҚАЕУ студенттері мен магистранттарының  АҚШ-да Портленд (Орегон штаты), Сиэтл (Вашингтон штаты), Чикаго (Иллинойс штаты) Эвенсвиль (Индиана штаты), Остин (Техас штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты) қалаларындағы  кәсіптік іс-тәжірибесі.

  • Тамыз 2003 ж.

- ҚАЕУ құрылымында 14 мамандық бойынша көп салалы колледждің ашылуы.

  • Қыркүйек 2003 ж.

- ҚАЕУ студенттері, М.Кристенсен Қоры Грантының иегерлері Ю.Сағындықованы және Н.Кузнецованы магистратурада оқуын жалғастырып, «бизнес-әкімшілік ету магистрі» БӘМ дәрежесін алу үшін Нортвест Назарин (АҚШ) университетіне жіберу.

  • Ақпан 2004 ж.

-  ҚАЕУ делегациясының АҚШ-на (Вашингтон және Орегон штаттары) сапары.

 - АҚШ президенті Д.Буштың (Вашингтон қаласы.)  шақыруымен Ұлттық Таңертеңгілік Асқа ҚАЕУ президенті және американдық әріптестердіңқатысуы.

 - ҚАЕУ делегациясын Қазақстанның АҚШ-ғы Елшісі Қ.Саудабаевтың қабылдауы.

  • Маусым 2004 ж.

- Орегон, Аризона, Техас, Алабама штаттарынан, Колумбия (АҚШ) округынан, Торонто қаласынан (Канада) 27 шетелдік серіктестердің, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің, АҚШ Бейбітшілік Корпусы өкілдерінің қатысуымен ҚАЕУ 10 жылдығын тойлау.

 - «Менеджмент» және «Заңтану» мамандықтары бойынша ҚАЕУ магистратурасының алғашқы түлектеріне диплом тапсыру.

-  профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттардың жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының  өткізілуінің басталуы.

  • Шілде 2004 ж.

- ҚАЕУ студенттері мен магистранттарының  АҚШ-да Портленд (Орегон штаты), Сиэтл (Вашингтон штаты), Чикаго (Иллинойс штаты) Эвенсвиль (Индиана штаты),Остин (Техас штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты) қалаларындағы  кәсіптік іс-тәжірибесі.

  • Қыркүйек 2004 ж.

-  университет құрылымында «Еуразия» Қоры мен  халықаралық даму жөніндегі Агенттіктің (АҚШ) қосымша қаржыландыруымен, АЕS Корпорациясының қолдауымен «Көшбасшылыққа оқыту Орталығын» ашу. ҚАЕУ бұл грантты тендерлік негізде республиканың 50 ЖОО арасынан ұтып алды

- Американың Летурно (Техас штаты), Индиана Веслиан (Индиана штаты), Сиэтл Пасифик (Орегон штаты)  университеттерінде «Халықаралық маркетинг», «Кәсіпкерлік негіздері», «Адам ресурстарын басқару», «Ұйымдық тәртіп», «Қаржылық менеджмент» пәндерін қашықтықтан оқып-үйрену бағдарламасын ашу.

  • Қазан 2004 ж.

-  АҚШ, Канада, Еуропаның жетекші оқытушылары мен мамандарының жеке тәлімгерлігімен жүргізілетін  аса дарынды студенттерге арналған  «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасының ашылуы.

  • Маусым 2005 ж.

- «Нортвест Назарин Университетінің» (АҚШ) өкілдері докторлар Б.Рассел және С.Даннның ҚАЕУ-не келуі.

  • Шілде 2005 ж.

- Ұлттық мемлекеттік Кітап Палатасында Республикалық «ҚАЕУ хабаршысы» ғылыми журналын тіркеу.

- ҚАЕУ студенттері мен магистранттарының АҚШ-да Портленд (Орегон штаты), Сиэтл (Вашингтон штаты), Чикаго (Иллинойс штаты) Эвенсвиль (Индиана штаты),Остин (Техас штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты) қалаларындағы  кәсіптік іс-тәжірибесі.

  • Қыркүйек 2005 ж.

- ҚАЕУ студенті, М.Кристенсен Қоры Грантының иегері С.Нуриеваны магистратурада оқуын жалғастырып, «бизнес-әкімшілік ету магистрі» БӘМ дәрежесін қоса алу үшін Нортвест Назарин (АҚШ) университетіне жіберу.

- магистратурада оқуын аяқтаған соң С.Нуриева осы университеттің PhD докторантурасында оқуын жалғастырды және қазір Чеонан қаласында (Оңтүстік Корея) Нортвест Назарин университетінің филиалында оқытушы болып жұмыс істейді,

  • Қаңтар  2006 ж.

- ҚАЕУ делегациясының АҚШ Калифорния, Аризона штаттарына сапары.

  • Сәуір 2006 ж.

- ҚАЕУ сапа менеджменті жүйесін NQA (Ұлыбританя) ұйымының сертификаттауы.

  • Шілде 2006 ж.

- ҚАЕУ студенттері мен магистранттарының АҚШ-да Портленд (Орегон штаты), Сиэтл (Вашингтон штаты), Чикаго (Иллинойс штаты) Эвенсвиль (Индиана штаты),Остин (Техас штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты) қалаларындағы  кәсіптік іс-тәжірибесі.

  • Желтоқсан 2006ж.

- «Менеджмент» және «Заңтану» мамандықтары бойынша докторантура (PhD) ашу.

  • Ақпан 2007ж.

- ҚАЕУ делегациясының АҚШ-на  (Орегон  штаты) сапары.

  • Шілде 2007 ж.

- ҚАЕУ студенттері мен магистранттарының АҚШ-да Портленд (Орегон штаты), Сиэтл (Вашингтон штаты), Чикаго (Иллинойс штаты) Эвенсвиль (Индиана штаты),Остин (Техас штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты) қалаларындағы  кәсіптік іс-тәжірибесі.

  • Қыркүйек  2007 ж.

-  ҚАЕУ Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа оқу ғимаратында сабақтардың басталуы.

- шетелдік серіктестердің қатысуымен ҚАЕУ Президенті Е.Мәмбетқазиевтің 70 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция.

  • Қараша 2007 ж.

- ҚАЕУ құрылымында лицейдің ашылуы.

  • Желтоқсан 2007ж.

- Қр Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік аттестаттауынан табысты өту. Бакалавриаттың 19 мамандығы және магистратураның «Менеджмент», «Заңтану», «Шет тілі» 3 мамандығы аттестатталды.

  •   Шілде 2008 ж.

- ҚАЕУ студенттері мен магистранттарының АҚШ-да Портленд (Орегон штаты), Сиэтл (Вашингтон штаты), Чикаго (Иллинойс штаты) Эвенсвиль (Индиана штаты),Остин (Техас штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты) қалаларындағы  кәсіптік іс-тәжірибесі.

  • Желтоқсан 2008ж.

- АҚШ Конгресінің кітапханасында «KAFU Academic Jornal» ғылыми журналының тіркелуі.

  •   Шілде 2009 ж.

- ҚАЕУ студенттері мен магистранттарының АҚШ-да Портленд (Орегон штаты), Сиэтл (Вашингтон штаты), Чикаго (Иллинойс штаты) Эвенсвиль (Индиана штаты),Остин (Техас штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты) қалаларындағы  кәсіптік іс-тәжірибесі.

  •   Қазан 2009 ж.

-  Орегон, Техас, Аризона, Вашингтон, Колорадо, Миннесота, Алабама штаттарынан шетелдік серіктестердің қатысуымен ҚАЕУ 15 жылдық мерейтойын мерекелеу;

-  ҚАЕУ кітапханасына университеттің жетекші шетелдік серіктестерінің бірі профессор Снэфорд Коучтың есімін беру.

  • Шілде 2010 ж.

-  ҚАЕУ докторантурасынң (PhD) алғашқы түлектеріне «Менеджмент» (Э.Исматоваға, О.Богун) және «Заңтану» (Қ.Әлімбаевқа, М.Башировқа) мамандықтары бойынша дипломдар тапсыру.

- ҚАЕУ студенттері мен магистранттарының АҚШ-да Портленд (Орегон штаты), Сиэтл (Вашингтон штаты), Чикаго (Иллинойс штаты) Эвенсвиль (Индиана штаты),Остин (Техас штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты) қалаларындағы  кәсіптік іс-тәжірибесі.

  • Қазан 2010 ж.

- ҚАЕУ бизнес-бағдарламаларының ACBSP (АҚШ) ұйымы жасаған халықаралық аккредитациясы. Аккредитациялық комиссияның құрамындағылар: Пол Стамб – Кимберленд(АҚШ, Теннеси штаты) Университетінің бизнес және Ламбри технологиясы Мектебінің деканы, Хелен Вали – Квантлена Университетінің (Канада) «Бизнес» кафедрасының оқытушысы,  Кристина Крол – технологиялардың Жоғары колледжінің  (БАЭ) Бизнес мектебінің оқытушысы. Халықаралық Аккредитациядан өтуге даярлық, төрт жыл бойы Нортвест Назарин университетінің (АҚШ, Айдахо штаты) қолдауымен жүзеге асырылды.

  • Ақпан 2011 ж.

- ҚАЕУ Президенті Е.Мамбетказиевтің және американдық әріптестерінің АҚШ Президенті Б.Обаманың (Вашингтон қ.) шақыруымен Ұлттық Таңертеңгілік Асқа қатысуы;

  - ҚАЕУ делегациясын Қазақстанның АҚШ-ғы Елшісі Е.Ыдырысовтың қабылдауы.

  • Мамыр 2011 ж.

- ҚАЕУ мультимедиалық Орталығына университеттің жетекші шетелдік серіктестерінің бірі профессор Патрик Митчеллдің есімін беру.

  • Мамыр 2011 ж.

- ҚАЕУ магистратурасының жаңа «Қаржы»  мамандығын ашу.

  • Шілде 2011 ж.

-  ҚАЕУ студенттері мен магистранттарының АҚШ-да Портленд (Орегон штаты), Сиэтл (Вашингтон штаты), Чикаго (Иллинойс штаты) Эвенсвиль (Индиана штаты),Остин (Техас штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты) қалаларындағы  кәсіптік іс-тәжірибесі.

- ҚАЕУ магистратурасының жаңа «Ақпараттық жүйелер» мамандығының ашылуы.

  • Қазан 2011 ж.

 - университет Ғылыми Кеңесінің ҚАЕУ кураторы Маршалл Кристенсеннің 70 жылдығына арналған салтанатты мәжілісі.

  • Мамыр 2012ж.

 - ҚР білім және ғылым Министрлігінің мемлекеттік аттестаттауынан сәтті өтуі. Бакалавриаттың 18 мамандығы, магистратураның 5 мамандығы және  PhD докторантурасының 2 мамандығы аттестаттаудан өтті.   

  • Қыркүйек2012ж.

- ҚАЕУ Президентінің 75-жасқа толуына арналған университеттің салтанатты Ғылыми Кеңесінің мәжілісі.

  • Қыркүйек 2012ж.  

- ҚАЕУ мұражайының ашылуы.

  • Тамыз 2013ж.

- ҚАЕУ-де 6М050300 «Психология», 6М020200 «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратураның ашылуы.

  • Қыркүйек  2014 ж.

 - Колорадо, Миннесота, Алабама, Орегон, Техас, Аризона, Вашингтон штаттары, Германия, Канададағы серіктестердің қатысуымен ҚАЕУ-нің 20 жылдық мерейтойы атап өтілді;     
      - жаңа спорт залдың ашылуы.

  • Сәуір 2015 ж.

- 5В 050400 "Журналистика" мамандығының ашылуы

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru