Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Университет Президенті

ҚАЕУ Президетінің үндеуі

Ережеп Альхаирович МамбетказиевҚұрметті біздің сайт қонақтары! Құрметті достар!

Мен сіздермен халықаралық ынтымақтастыққа негізделген жоғарғы оқу орыны - Қазақстан-Американдық еркін университетінің  ресми сайтында қауышқаныма қуаныштымын.

1994 жылы ҚАЕУ құрылғаннан бастап (ол кезде экономика және гуманитарлық ғылымдардың халықаралық жоғарғы деңгейдегі колледжі болған)  бүгінгі күнге дейін  біздің университет ұлтты жаңартуға қауқарлы көшбасшыларды дайындау саласында  алда келе жатыр. Университет білім сапасының озық болуын  үнемі қадағалап отырады, оған мысал ретінде мемлекеттік аттестациядан  сәтті өту мен ISO 9001:2008 (NQA Global Assurance United, Ұлыритания) сапа менеджмент жүйесінің сертификатын алуын айтуға болады. ҚАЕУ Қазақстандағы алғашқылардың бірі болып бизнес-мектептер мен бағдарламаларды акредиттеу бойынша Халықаралық Кеңесте ACBSP(АҚШ) толық халықаралық аккредиттеуден өтті.

Университеттің құрылымындағы элиталы лицей, екі көп салалы колледж, бакалавриат, магистратура, Ph.D докторантурасы, «Іскерлік білім беру орталығы», «Карьера мен Жеке тұлғаны дамытудың халықаралық орталығы» үздіксізбілімберужүйесін жүзеге асыруға  қол жеткізуді қамсыздандырады.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің халықаралық ынтымақтастық негізінде жұмыс істеу ерекшелігі студенттердің АҚШ-та тәжірибе жинақтауы тәрізді  маңызды қосымша халықаралық білім беру бағдарламаларын кедергісіз пайдалануға мүмкіндік береді.

Біздің университетте  студенттерді кәсіби дайындау мен қоса жеке тұлғаны үйлесімді дамытудың барлық жағдайлары жасалған. Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстары үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Студенттердің өмірі жан-жақты, қызықты оқиғалар мен шығармашылыққа толы.

ҚАЕУ түлектері өз бетімен әрекет етуге қабілеттілігі және өз күшіне деген сенімділіктерімен ерекшеленеді. Олардың кәсіби шеберліктеріне Мәскеу мен Санкт-Петербургтың айтулы фирмалары және Ресей мен ТМД елдерінің ірі қалалары оң баға берді. ҚАЕУ түлектерінің білімі көптеген алыс шетелдердің білімімен тең дәрежеде бағаланады.

Болашақ – терең білімді меңгеріп қана қоймай оны дұрыс пайдалана алатын адамдардың ғана қолында. Біздің ЖОО осыған баса назар аударады. Біз студенттердің еш кедергісіз өз бастамашылдығын көрсетіп, жан-жақты ашылуына  мүмкіндік жасаймыз.

Сөз соңында, біздің университеттің есігін ашқан кез-келген адам көптеген жаңа мүмкіндіктерге ие болатынын атап айтқым келеді. Университеттің бүгінгі күнгі мүмкіндіктері туралы толығырақ ақпаратты біздің сайттан оқи аласыздар.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің Президенті, ҚР ҰҒА академигі, «Білім берудің еңбек сіңірген қайраткері»


Ережеп ӘлхайырұлыМәмбетқазиев

 

ҚАЕУ Президетінің реноме

Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев
Қазақстан-Американдық еркін университетінің президенті, ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор.

1937 жылдың 13 қыркүйегінде Астрахан облысында (Ресей) туған. 1958 - 1963 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазПИ-да (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) жоғары білім алады. Химиялық никелдендіру бойынша курстық және  дипломдық жұмыстарын Сталиндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, химия ғылымдарының докторы, профессор О.А.Суворованың жетекшілігімен орындайды. Ол  ЖОО түлегінен болашағы бар ғалымның әлеуетін таныды.

1963 - 1984 жылдар аралығында Е. Мәмбетқазиев Киров атындағы ҚазМУ-де жұмыс істеп, ассистент, аспиранттан бастап, профессор кафедра меңгерушісі, химия  факультеті деканының орынбасарына дейінгі жемісті жолдан өтеді.

Келешегі бар қазақстандық химик-ғалымдардың қатарында кандидаттық диссертация қорғаған соң, ғылыми тағылымдама мен докторантураны Ломоносов атындағы ММУ электрохимия кафедрасында, ЛМУ-де, жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарда (Тарту, Ленинград, Днепропетровск, Қазан, Рига, Краснодар және басқа  қалаларда) өтеді.

Бұл әлемге танымал есімдері бар ғылымның көрнекті кемеңгерлері (А.Н. Фрумкин, Б.Б. Дамаскин, Я.М.Колотыркин, С.И. Жданов, Н.М.Дятлова, В.А. Казаринов, Ю.В. Овчинникова В.А. Легасов, Н.С. Лидоренко, В.И. Кравцов, Г.А. Ягодиннің), жетекшілігіндегі тамаша ғылыми мектеп қана емес, сонымен қатар Одақтың жетекші ЖОО-да ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың үздік өлшемдері қатарына қосылу да болды.  Ережеп Әлхайырұлы үшін бұл тек ғалым ретінде емес, сонымен бірге білім мен ғылым ұйымдастырушысы ретінде қалыптасу кезеңі болды.

1984 жылы дарынды ұйымдастырушыны Өскемен пединституты ректоры қызметіне тағайындауға,1981 жылы ММУ-де докторлық диссертацияны  табысты қорғауы, оның одан арғы кәсіптік қызметіне тұрақты шығармашылық тәсілдемесі, сендірерлік дәлел болды.

ЖОО-нын тиімді, іскерлікпен басқаруы, ең басынан өзі және ұжымы үшін күрделі, дүбірлі жұмыс күндеріне толы, реформашылық тағдырды таңдаған Ережеп Әлхайырұлының жарқын, жаңашыл болмысын толық ашуға көмектесті. 1991 жылы өз ойының дұрыстығына кәміл сенімді Е. Мәмбетқазиев,  өз құрылымында өңірге қажетті мамандықтардың барлығы бар пединститут базасында республикадағы үшінші (ҚазМУ мен ҚарМУ-ден кейінгі) Шығыс Қазақстан  мемлекеттік университетін ашу жөніндегі батыл жобасын табысты түрде жүзеге асырды. Бұл оның алғашқы стратегиялық инновациясы болды, оған сәйкес облыс орталықтарында (ШҚМУ үлгісінде) Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Атырау өңірлік университеттері құрылды. Ректордың тағы да бір маңызды инновациясы:  Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстан  облыстары ғалымдарының әлеуетін біріктірген ҚР ҰҒА Шығыс бөлімшесінің ашылуы болды. Шешім елдің 100-ге жуық академиктері қатысуымен Өскемен қаласындағы ҚР ҰҒА алқасының көшпелі отырысында қабылданған болатын.

Осы инновацияларды, жаңашыл-ЖОО ретіндегі ШҚМУ-дың жоғары беделін Мемлекет басшысы лайықты бағалап, оның ұсынысы бойынша 1993 жылы Е. Мәмбетқазиев (ол кезде Жоғарғы Кеңес 12-шақырылымының депутаты) егемен Қазақстанның тұңғыш үкіметінің құрамында білім министрі қызметіне тағайындалды. Жас егемен республика қалыптасуының аса күрделі экономикалық кезеңінде білім беру  жүйесіне бірқатар инновациялар енгізілді: үштілділік, тестілеу, өңірлік университеттер, «Болашақ» бағдарламасы, «бакалавр-магистр- PhD докторы», Жоғары мектеп Академиясын құру, жеке меншік ЖОО, барлық ЖОО-н бір министрліктің қарауына біріктіру және басқалары. Бұларды жүзеге асырудың 25 жылы ішінде енгізілген түзетулерге қарамастан, олар күні бүгінге дейін өзекті болып қалып отыр.

002Е.Мәмбетқазиев - ашылуы және алғашқы түлектеріне дипломдар тапсыру салтанатына жеке ҚР Президенті Н. Назарбаев қатысқан, 1994 жылы республикадағы тұңғыш халықаралық серіктестік ЖОО (АҚШ-мен бірлесіп) -Қазақстан-Американдық еркін университеті жобасының авторы және негізін қалаушысы. Үштілділікті дамытудың бүгінгі Мемлекеттік бағдарламасынан ертерек, (23 жыл бұрын) ҚАЕУ Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуынының басым бағыттары үшін ағылшын тілін меңгерген көптілді мамандар даярлауды бастаған болатын. Бұл отандық жоғары мектеп тарихындағы ерекше жаңа кезең, әлемдік білім кеңістігіне бірігуге алғашқы қадам болды.

АҚШ Конгрессінің шақыруы бойынша, Е. Мәмбетқазиев американдық әріптестерімен, университеттің қазақстандық оқытушылармен бірге, екі мәрте АҚШ  Президенттері Дж. Буштың (2004 жыл) және Б. Обаманың (2011 жыл),Үкімет мүшелерінің, АҚШ көшбасшыларының, әлемнің зиялы қауымының қатысуымен болған дәстүрлі Ұлттық Таңғы Асқа шақырылу құрметіне ие болды ( Вашингтон қаласы).

Е. Мәмбетқазиевтің отандық ғылымның дамуына қосқан үлесі де ауқымды. Ол металлдардың дипиридилдік кешендері электрохимиясы жөніндегі мектептің негізін қалаушы болып табылады. Ұзақ жылдар бойы - ғылыми Кеңестердің, докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі арнайы Кеңестердің мүшесі, бірқатар Бүкілодақтық кеңестердің, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың бастамашысы, әрі жетекшісі. АҚШ, Германия,Ұлыбритания, Чехословакия, Оңтүстік Корея, ҚХР, Венгрия, Сингапур, Малайзия университеттерінде дәрістер курсын оқыды.

Е.Мәмбетқазиевтің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республиканың аса ірі кәсіпорындарында енгізілген. ВНИИТ-пен (Мәскеу) бірлесіп жүргізілген күміс-мырышты аккумуляторларды жаңғырту жөніндегі қолданбалы зерттеулер, әскери және космостық техника, электротехникалық өнеркәсіпте кеңінен қолдануға ие болды. Бұл таұырыпнама стратегиялық ретінде, ол кезде жабық болатын, Одақтың қорғаныс өнеркәсібі үшін ерекше маңызы болды.

 Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы физикалық -химиялық зерттеулер әдістері Орталығымен бірлесіп ҚР БҒМ ғылыми жобаларына қатысуда. 30-дан астам ғылым кандидаттары мен докторлары даярланды. “Companynewtechnologiesplus” фирмасымен (Ресей, Германия, Франция) бірлесіп, металлургиялық, тау-кен өнеркәсіптеріне, энергетика кәсіпорындарына, коммуналдық және ауыл шаруашылығына арналған жаңа технологияларға ақпараттық іздестіру жүргізеді.

Елдің, өңірдің жетекші кәсіпорындарының, ірі бизнес-құрылымдарының  өндіріске инновациялық технологиялар енгізудің ғылыми-тәжірибелік проблемалары жөніндегі  ғылыми кеңесшісі болып табылады

Білім, ғылымның өзекті мәселелері бойынша 750 ғылыми еңбектері, монографиялар жарияланды. Бірқатар еңбектері Ресей, АҚШ, Моңғолия, ҚХР-да қайта басылып шығарылды. «Ректор айтар ақиқат» («Ректор – совесть вуза» 2015жыл) монографиясы қазақ, орыс ағылшын тілдерінде басылып шығарылды.

Кәсіпқой және жаңашыл тұлғаның сіңірген еңбегінің жоғары бағалануы -2017 жылы «Өнегелі өмір» сериясынан ҚР ҰҒА академигі Е.Мәмбетқазиевтің өмірі мен қызметі жайлы кітаптың басылып шығуы болды.  Бұл –Қазақстанның ең жарқын тарихи тұлғалары жайлы 90 сериялық басылымның бірі, олардың ішінде -  Нұрсұлтан Назарбаев, Қаныш Сәтбаев, Өмірбек Жолдасбеков, Олжас Сүлейменов, Әзілхан Нұршайықов, Батырбек Беремжанов, Ольга Сонгина және басқалары бар. 

ҚР ҰҒА, бірнеше Халықаралық академиялардың академигі, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚҰ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өкілдігінің Директоры, Уорнер Пасифик Университетінің (АҚШ), Кентукки университетінің (АҚШ) «Құрметті профессоры»,» Атлантис университетінің (Калифорния шт., АҚШ) «Жараталыстану ғылымдарының Құрметті докторы», Атырау мемлекеттік университетінің, Атырау мұнай және газ институтінің «Құрметті профессоры», Қазақ спорт және туризм академиясының“Құрметті докторы”, Германиядағы (Берлин)ақпараттану Халықаралық Академиясыны Штаб-пәтерінің  Вице-президенті.

Жоғарғы Кеңес XII шақырылымының депутаты. Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының «Құрметті азаматы», Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

 «Парасат» және «Барыс» ордендерімен, А. Байтурсынов атындағы орденімен, “ҚР білім мен ғылым дамуына сіңірген ерекше еңбегі үшін ” төс белгісімен марапатталған, “Еңбек сіңірген білім қызметкері».

Астрахан облысы Володар ауданы әкімшілігінің (Ресей) 15.06.15. шешімімен Калинин орта мектебіне, оның түлегі Е.Мәмбетқазиевтің есімі берілді.

Ректорға өз сұрағыңды қой

ФИО (*)
Введено неправильно
Ваш вопрос (*)
Введено неправильно
Email (*)
Введено неправильно
Проверочный код Проверочный код
Введено неправильно
Отправить   
(*) - обязательно к заполнению.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)500-300 +7(7232)502-945
+7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru