Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Жалпы мәлімет

ҚАЕУ МІНДЕТІ: «Егеменді Қазақстан игілігі үшінXXIғасыр көшбасшыларын қалыптастыру» 

 

ҚАЕУ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ:

  1. Оқу-ғылыми-инновациялық процесін тиімді ұйымдастыру негізінде университетті білім нарығында сапалы білім беретін жоғары оқу ретінде тұрақтандыру; 
  2. Бизнес және ғылымның, білімнің интеграциялық жүйесін құру. 
  3. Университеттің халықаралық ынтымақтастығының диверсификациясы және дамуы.
  4. Университет мамандықтарының ыңғайлы икемді жүйесін құру.  
  5. Университетте инновациялық-білімнің қолайлы ортасын құру. 
  6. Университеттегі білім алушылардың бойында азаматтық ұстаным мен өздері қабылдаған шешімге деген жауапкершілікті қалыптастыру үшін олардың шығармашылық қабілеттерін арттырып рухани шабыттандыруға жағдай жасау. 
  7. Университеттің білім беру процесінің жоғары инновациялық деңгейіне қабілетті ПОҚ сапалы құрамын қалыптастыру. 
 
Қазақстан-Американдық еркін университеті халықаралық серіктестіктегі  меншік жоғары оқу орны болып табылады. Университеттің салтанатты түрде ашылу және оның алғашқы түлектеріне диплом тапсыру кешіне ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өзі қатысты. Н.Назарбаев университеттің бірінші «Құрметті профессоры». ЖОО-ның басшылық құрамында – АҚШ азаматтары: қамқорлық кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен, халықаралық бағдарламалар және халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бойынша вице-президент Дэниел Бэлласт бар. 2014жыл университет өзінің 20 жылдығын атап өтті. ЖОО ҚР білім және ғылым Министрлігінің мемлекеттік үш аттестаттауынан өтті. Университеттің алты мамандығы ACBSP (АҚШ) (бағдарламалар мен алқалық бизнес-мектептердің ассоциациясы, АҚШ)  ұйымының халықаралық мамандандырылған аккредитациясына ие болған.       ЖОО негізгі басымдылығы-таңдаған мамандықтан басқа ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны меңгерген мамандарды дайындау. Университет контингенті 2000-нан артық студенттер, магистранттар PhD докторанттарын құрайды.
ЖОО моделі екі бағдарламадан тұрады: американдық, қазақстандық және коптілділік.  «Co-Serve International» (АҚШ) ұйымы мен Қамқолық Кеңесінің қатысуымен американдық бағдарлама аясында менеджмент, құқық, ақпараттық жүйелер, шет тілі саласында бакалавлар мен магистрлерді және Ph.D докторларын дайындалады. Олардың білім бағдарламасына құйған инвестициялары мен жоо-ның техникалық базасына кеткен қаржысы жылына  300.000 доллар мөлшерін құрайды.    АҚШ, Канада, Европа мен Австралия мамандарын тарта отырып болашақ мамандар ағылшын тілінде оқытылады.  Жыл сайын оқу процесіне  40- қа жуық шетелдік оқытушылар қатысады. 200-ден артық студенттер мен магистранттар АҚШ-ның жетекші компанияларында, банктерінде және биржаларында («INTEL», «NIKE», «LEXUS» және т.б..) кәсіптік практикадан өтті.  Қазақстанда практикадан өту жағы көбінесе шетелдіктер жұмыс істейтін компанияларда қарастырылады. Оқытудың жоғары деңгейі «МUSKIE», «IREX», «DAAD» бағдарламалары мен Президенттік «Болашақ» және т.б. бағдарламалар аясында АҚШ, Ұлыбритания және Германия университеттерінде студенттер білім алған көптеген гранттармен расталған.  
ЖОО-ның аса дарынды 8 студенті  магистратурадағы, докторантурадағы оқуды ары қарай жалғастыру үшін Нортвест Назарин университетінің (АҚШ) гранттарына ие болды.
Университет базасында жыл сайын американдық студенттермен бірлесе отырып мәдени-лингвистикалық бағдарламалар өткізіледі. Түлектер бір мезгілде қазақстандық және американдық диплом алады, сонымен қатар ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны  меңгергені туралы сертификатқа ие болады.
Қазақстандық бағдарлама күндізгі, кешкі және сырттай оқыту түрі негізінде  әр түрлі гуманитарлық бағыттағы мамандықтар бойынша соның ішінде, педагогикалық бағыттағы түлектер басқа жоо-мен салыстырғанда қолдарына дипломмен бірге ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны  меңгергені туралы сертификат алады және олардың бәсекеге қабілеттілігі артады, маман ретінде жаңа ұрпақты тәрбиелеу бойынша ауылдық мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік береді.    ЖОО-ның түлектерінің бәсекеге қабілеттілігі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.  Бүгінгі таңда түлектеріміз ҚР Сыртқы істер Министрлігінде, Қаржы Министрлігінде, «Каз  Цинк» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «Өскемен ТМК», «АЗИЯ АВТО» АҚ сияқты отандық және «AES», «Казахойл», «Шеврон Тексако», «Procter and Gamble»,  «Deloitte and Touch» аудиторлық фирмасында, т.б. шетелдік компанияларда табысты қызмет етуде.  ЖОО студенттерін АҚШ университеттерінде қашықтықтан тегін оқыту мүмкіндігімен бірге  жаһандық  «INTERNET» желісі ресурстарына қол жетімділігі қарастырылады.  
ЖОО АҚШ университеттерінде ағылшын тілін қарқынды оқып үйрену бойынша «Америкалық мәдени алмасу» Ассоциациясының эксклюзивті өкілі және жетекші компанияларда тәжірибе мен тағлымдамадан өтуді ұйымдастырудың негізі болып табылады.   
Университет құрылымында көп салалы колледж, іскерлік білім беру Орталығы, карьера мен тұлғаны дамыту орталығы жұмыс істейді. 
Университет Қазақстандағы АҚШ-ның елшілігімен және АҚШ-дағы Қазақстан елшілігімен, американдық және ресейдің жетекші университеттері:  Нортвеcт Назарин Университеті,
Конкордия университеті, Уорнер Пасифик Колледжі,  Нортвест Университеті,  Аризона мемлекеттік  университеті, Түмен мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург ұлттық-зерттеу ақпарттық технологиялар, механика және оптика университеті және т.б. жоо-мен тығыз қарым қатынас жасайды.  
Университеттің 6 оқу корпусы, АҚШ-да 2 кеңсесі в штатах (Орегон және Калифорния штатында), компьютерлік кластары, оқу лабораториялары, спорт залдары, типографиясы, заманауи кітапхана қоры, жабдықталған қонақ үй-жатаханасы, демалыс базасы, оқу-өндірістік «Сибина» кешені, демалыс базасы және т.б. ғимараттары бар.

ҚАЕУ  өзінің 20 жылдық қызметінде төмендегі жетістіктерге жетті:

  • Қамқорлық Кеңесі мен Қордың (АҚШ) қолдауымен ҚАЕУ оқу процесінде АҚШ университеттерінен 455 шетелдік серіктестер қатысты;
  • 625 студенттер, магистранттар мен докторанттар АҚШ-да тәжірибе бағдарламасы мен халықаралық бағдарламаларға қатысты;
  • 10000 –нан артық мамандар дайындалды, соның ішінде  ағылшын тілінде дайындалған мамандар саны-4000, оның ішінде американдық бағдарламамен -600 студент екі дипломмен  (қазақстандық және американдық) бірге ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны меңгергені туралы сертификат алып шықты;
  • «Менеджмент» және «Құқықтану» мамандығы бойынша 13 Ph.D докторанттары  дайындалды;
  • 10 студент пен магистрант «Болашақ» бағдарламасының гранттарына ие болды;
  • ҚАЕУ-нің алпыстан артық түлектері мен оқытушылары АҚШ-ның жетекші университеттерінде білім алды және тағлымдамадан өтті;
  • 95 студент пен магистрант АҚШ-ның қашықтықтан оқыту курстарынан өтті.  

 

Хабарландыру

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru