Городской вуз международного партнерства / Государственная лицензия АБ 0137478
Международная аккредитация ACBSP (США) / Институциональная и специализированная аккредитация НКАОКО (Казахстан)

Интеллектуальное наследие

Нурланова А.Н.

Родительская категория: Проект "Интеллектуальное наследие" Категория: 2014г.

Нурланова А.Н. «Еңлік-Кебек» сюжеті әдеби және тарихи контекст: Монография. - Өскемен, 2014. – 150 б.(9,4 п.л).  ISBN 978-601-7334-25-3

Монографияда Еңлік-Кебек дауын туғызған мәселенің түп-тұқияны тарихқа барлау жасау арқылы талданып, осы сюжеттің көркемдік шындыққа айналу шежіресі зерттеледі. Нұсқаларды салыстыра, салғастыра саралау барысында  әр шығарманың тақырыптық-идеялық өзегі мен композициялық құрылымы, тарихи қаһармандардың көркемдік образға айналу сыры, сюжетті қайта жаңғыртып берудегі авторлардың алға қойған мақсаты мен өзіндік қолтаңбасы анықталған.

Автор - Нурланова Асем Нурланкызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан-Американдық еркін университетінің  «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі.

Еңлік-Кебек сюжеті негізінде жазылған шығармалар бір монография  деңгейінде тұңғыш рет салыстырыла зерттеліп отыр. Бес нұсқаны бір ғылыми еңбек аясында зерттеу шығармалардың соны қырларын танытуға жол ашады.

Жұмыста осы туындыларды барлығының түп негізі Абай мен оның ақындық айналасынан бастау алатыны туынды авторларының көркемдік ізденістері мен әр нұсқаның жазылу тарихын зерделеу арқылы қарастырылған.

Барлық нұсқалардағы сюжетті қатар талдай отырып, олардағы тарихи шындық пен көркемдік шындықтың арақатынасы сараланады. Салыстырмалы зерттеулер жасау барысында әрбір қаламгер аңыз оқиғасын өзінің шығармашылық бағдары, өзі өмір сүріп отырған заманның бағытына байланысты пайдаланып, қиял көкжиегінде өрбіткені анықталған.

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Казахстанско-Американский Свободный Университет (КАСУ, ВУЗ). Все права защищены.

Республика Казахстан, ВКО, г. Усть-Каменогорск, 070000, Пр. Независимости, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru